Тұрақты даму талаптарына сәйкес инвестициялық жобаларды тиімді іске асыру және қатты пайдалы қазындының басым түрлері активтерін тиімді пайдалану есебінен, Қазақстан Республикасының тау-байыту және металлургиялық жобаларын дамыту

ЕҚДБ "Тау-Кен Самұрық" АҚ еншілес компаниясына кредит береді

Астана, 2017 жылғы 12 маусым

Еуропалық Қайта құру және даму банкі (бұдан әрі – ЕҚДБ) "Тау-Кен Самұрық" ҰТК» АҚ еншілес компаниясына 350 миллион АҚШ доллары мөлшерінде бірлестірілген кредит береді.

e5e68dad9fdb37347caf5f4a86f99344.jpeg

Кредиттік келісімге тұрақты энергетиканы дамытуға бағытталған, халықаралық мамандандырылған Expo-2017 көрмесін өткізу аясында, «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ пен ЕҚДБ Астана қаласында қол қойды. Аталған келісім Қазақстанның алыс өңірлерін экономикалық дамытуды, әйелдер мен жастардың білім деңгейін және мансаптық өсу мүмкіндігін қамтитын, ЕҚДБинвестициялық бағдарламасы жаңа векторының тікелей көрсеткіші болып табылады.

Қызылода облысында орналасқан «Шалқия» кен орны ықтимал және дәлелденген 4,8 млн. тонна мөлшерінде мырыш және 1,3 млн. тонна қорғасын қоры бар, әлемдегі аса ірі қорғасын-мырыш кенішінің бірі болып табылатынын еске саламыз. Өндіру жобасына өндірісті кеңейту, сондай-ақ, байыту фабрикасы объектілерінің құрылыстары кіреді.

«Әлемдегі аса ірі кен орындарының бірі «Шалқия» қорғасын-мырыш рудасын игеру, Қазақстанды индустриаландырудың жаңа бағдаламасын іске асыруға елеулі үлесін қосады. Қазірдің өзінде кәсіпорын 500-ден астам жұмыс орнын қамтамасыз етеді, негізгі объектілердің құрылысы басталғанда 1 500-ден астам адам жұмысқа тартылатын болады. ЕҚДБ займын тарту, «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ-тың да және "Тау-Кен Самұрық" АҚ-тың да инвестициялық тартымдылығын айтарлықтай арттырады» - деп атап көрсетті, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев.