Қазақстандағы тау-кен өндірісінің және металлургиялық сектордың даму траекториясын іргелі жақсарту

Қ.И. Сатпаев атындағы геология ғылымдары институтында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді

Алматы, 16-17 наурыз 2017ж.

Қ.И. Сатпаев атындағы геология ғылымдары институтында «Қазақстандағы геологиялық барлау жұмыстарының инновациясы мен перспективалық технологиялары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Конференция Қазақстанның геологиялық қызметінің патриархы, белгілі ғалым және өндірістерді ұйымдастырушы Бекжанов Гинаят Рахметулличтің аруағына арналды.

Конференцияны ұйымдастырушылар ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, ҚР Энергетика министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Минералдық ресурстар академиясы, «ҚазГЕО» Қазақстандық геологиялық қоғам мен академик Қ. И. Сатпаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты.

Конференцияға «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ еншілес ұйымдары «Тау-Кен Проект» ЖШС мен «Tau-Ken Mining» ЖШС (Алматы облысы Тұйық-Темірлік кенді алабындағы мысты, қорғасынды, баритті барлау) қатысты.

Анықтама ретінде: «Тау-Кен Проект» ЖШС Қарағанды облысы Спасск мыс кені аймағында іздеу және іздеу-бағалау жұмыстарымен айналысады.

«Tau-Ken Mining» ЖШС Алматы облысы Тұйық-Темірлік кенді алабындағы мысты, қорғасынды, баритті барлаумен айналысады.

c103a2d6854c29987f2870057c956175.JPG

«Тау-Кен Проект» ЖШС Бас геологы Дәурен Несіпбаев Акжолтаевич «Тау-экономикалық консалтинг» ЖШС өкілдері бірлесіп жазған авторлар М.С.Дегенбаевамен, В. Л. Лосьпен, О. Г. Шегаймен және «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Бас геологы А. Б. Ижановпен дайындалған «Спасск мыс кені аймағында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде геохимиялық іздеудің инновациялық әдістерін қолдану» тақырыбындағы баяндама оқыды. Өз баяндамасы шеңберінде Дәурен Акжолтаевич Спасск мыс кені аймағының бүкіл аумағында орындалған НБІ әдісімен іздеудің жаңа технологияларды пайдалану бойынша алынған нәтижелер туралы баяндады.

«Tau-Ken Mining» ЖШС директоры Сәлімов Азамат Магзутович бірлесіп жазған авторлар Ю. Н. Гилевпен, Е. П. Мамоновпен («Геолог-А» ЖШС) және «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Бас геологы А. Б. Ижановпен дайындалған «Қазақстанның оңтүстігіндегі көміртекті-карбонатты қалың қабаттағы жаңа перспективалық стратиформдық мыс-полиметалл түрін кендену» тақырыбында стендтік баяндама ұсынды.

Конференцияға қатысушылар саладағы инновациялық және тиімді әдістері мен технологиялар туралы талқылау мен ақпараттандыру бойынша осындай іс-шаралардың маңыздылығы атап өтілді.