Біз стратегиялық инвесторлармен бірлесіп жобаларды іске асыру арқылы Қазақстан Республикасының тау-кен металлургиялық саласының жекелеген секторларын дамытуға үлес қосамыз

Mining Week Kazakhstan-2019

Қарағанды қаласында Mining Week Kazakhstan тау-кен металлургиялық кешеніне арналған технологиялар мен жабдықтардың 15-ші халықаралық көрмесі өтті. Көрмені Тау-Кен Самұрық басқармасының төрағасы Қанат Құдайберген, Қарағанды облысы әкімінің өнеркәсіп, ШОБ дамыту, индустрияландыру және инвестициялар мәселелері жөніндегі орынбасары Алмас Айдаров және TNT Productions халықаралық көрмелер компаниясының қазақстандық өкілдігінің директоры Александр Хмелевский салтанатты түрде ашты.

Әлемдік тау-кен өндіру және металлургиялық өнеркәсіп саласының мамандары Қазақстанныңкеншілер астанасында тәжірибемен және технологиялармен алмасу және келешекте ықтимал жаңа бизнес-жобалар құру үшін жиналды. Атап айтқанда, Тау-Кен Самұрық юниорлық компанияларға ынтымақтастық және қолдау көрсету нұсқаларын ұсынады. Ұлттық тау-кен компаниясы юниорлық жобаларды 5 млн. 100 млн. АҚШ долларына дейін инвестициялауға дайын. Қанат Құдайберген көрме қатысушыларына жаңа бағдарлама юниорларға қандай мүмкіндер ашатынын және қандай қаржыландыру көздері көзделетіндігі туралы айтты. Өтінімдерді қарау кезінде Тау-Кен Самұрық үшін маңызды металдар (алтын, мыс, мырыш, қорғасын) бойынша геологиялық барлау жобаларына басымдық беріледі.