Біз стратегиялық инвесторлармен бірлесіп жобаларды іске асыру арқылы Қазақстан Республикасының тау-кен металлургиялық саласының жекелеген секторларын дамытуға үлес қосамыз

"ТАУ-КЕН САМҰРЫҚ" ҰТК: ӨТКІЗУ НАРЫҚТАРЫН КЕҢЕЙТУ

Қазақстандық тазартылған күміс, металлургиялық кремний, қорғасын және мырыш концентраттары болашақта «Jumore» ірі қытай сауда алаңында пайда болуы мүмкін. «JumoreE-commerce» - бұл шикізат ресурстары, өнеркәсіптік өнімдер мен жабдықтардың саудасына арналған электрондық платформа. Мұнда 160 мемлекет ұсынылған, жылына шамамен 300 млрд. доллар сомаға мәміле жасалады.

Қытайға сапары барысында «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқармасының төрағасы Қанат Құдайберген «Jumore E-commerce» компаниясының өкілдерімен кездесті, олар «Jumore» арқылы сауда-саттықтың артықшылықтары туралы айтты.