Біз стратегиялық инвесторлармен бірлесіп жобаларды іске асыру арқылы Қазақстан Республикасының тау-кен металлургиялық саласының жекелеген секторларын дамытуға үлес қосамыз

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау

«Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы Қазақстан Республикасының еңбекті және денсаулықты қорғау саласындағы заңнама нормаларын сақтауды сөзсіз ұстанады. Біздің мақсатымыз – өндірістік қауіпсіздік сенімділігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету, ең үздік салалық стандарттарға сай келу. Біз сондай-ақ, өзіміздің әріптестерімізден өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауды ашық түрде талап етеміз.

Біздің басымдықтарымыз:

  • Өндірістік тәуекелдерді басқару, қауіпті және зиянды факторларды уақтылы анықтау және жою
  • Апатсыз жұмыс істеу, адамдар мен экологияға теріс әсер етуге қабылетті технологиялық бұзушылықтарды болдырмау, қолайлы жұмыс ортасын қамтамасыз ету
  • Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа қызметкерлер мен әріптестерді белсенді түрде тарту
  • Ең үздік әлемдік тәжірибелерді монитроингтеу, талдау және енгізу жолымен еңбек қауіпсіздігі мен денсаулықты қорғауды қамтамасыз ету әдістері мен құралдарын үздіксіз жақсарту
  • Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелеріне байланысты ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету

«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласындағы саясаты

Жүктеу