Тұрақты даму талаптарына сәйкес инвестициялық жобаларды тиімді іске асыру және қатты пайдалы қазындының басым түрлері активтерін тиімді пайдалану есебінен, Қазақстан Республикасының тау-байыту және металлургиялық жобаларын дамыту

Дивидендтер

«Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамның еншілес ұйымдарға қатысты 2011-2013 жылдарға арналған дивидендтік саясаты, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 2009 жылғы 30 шілдедегі шешімімен бекітілген, №72/09 хаттама, «Самұрық-Қазына» АҚ еншілес ұйымдарға қатысты 2011-2013 жылдарға арналған дивидендтік саясатына сәйкес әзірленді.

Дивидендтік саясат, «Тау-Кен Самұрық» ҰТК АҚ тиесілі жарғылық капиталға қатысу үлесі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері қызметінің акциялар пакеттері немесе таза табысы «Тау-Кен Самұрық» ҰТК АҚ тиесілі дивидендтерді төлеу мәселелері бойынша, дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестері) елуден астам пайызы «Тау-Кен Самұрық» ҰТК АҚ (бұдан әрі –Компания) меншік құқығына немесе сенімді басқаруына тиесілі заңды тұлғалармен «Тау-Кен Самұрық» ҰТК АҚ өзара қарым-қатынасы негізін белгілейді.

Қарым-қатынастар негізі, Компанияның таза табысын бөлу және оларды дамудың ұзақ мерзімдік стратегиясын бекіту негізінде, сондай-ақ олардың қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындысын шығару жөніндегі жұмыстары шеңберінде, акционерлік қоғамдардың басқару органдарынан (директорлар кеңесі) немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің атқарушы (жеке дара немесе алқалы) органдарынанкелген ұсыныстарын қайта инвестициялау ескеріле отырып әзірленеді. Компания осы Дивидендтік саясат негізінде, коммерциялық ұйымдарды қоспағанда, өзінің еншілес және тәуелсіз ұйымдарымен олардың өзара қарым-қатынасын регламенттейтін құжаттары, белгіленген тәртіппен әзірленеді және бекітіледі.

Акциялар және дивидендтер туралы ақпарат

«Тау-Кен Самұрық» Ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ, 2018 жылғы 18 мамырдаакциялар бойынша дивидендтер төлеуді аяқтады.

1) Дивидендтердің Жалғыз акционерге төленуі тиіс жалпы сомасы - 45 000 000 000 (қырық бес миллиард) теңге;

2) Дивидендтердің Жалғыз акционергетөленген нақты жалпысомасы - 45 000 000 000 (қырық бес миллиард) теңге;

3) Акцияларбойыншабұл дивидендтердің нақты төленген кезеңі: 2017 жыл;

«ТАУ-КЕН САМҰРЫҚ» ҰЛТТЫҚ ТАУ-КЕН КОМПАНИЯСЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМАСЫ

«Тау-Кен Самұрық» Ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам), Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 23 бабына сүйене отырып, жалғыз акционер - «Самұрық-Қазына «Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының, 2017 жылғы қызмет нәтижелері бойынша Қоғамның жәй акциялар дивидендтерін төлеуге 2018 жылғы 14 мамырда шешім қабылдағанын хабарлайды.

1)«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ

Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индексі 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Д. Қонаев көшесі, 8, «Б» блогы;

Банктік деректемелері: БСН 090240000101 ЖСК, KZ696010111000044877, БСК/SWIFT HSBKKZKX, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ;

2) дивидендтердің төленетін кезеңі – 2017 жыл;

3) бір жай акцияның есепке шаққандағы дивидендтің көлемі– 153 642 (жүз елу үш мың алты жүз қырық екі) теңге 87 (сексен жеті) тиын;

4) дивидендтерді төлеудің басталу күні – 18 мамыр 2018 жылы;

5) дивидендтерді төлеудің тәртібі және түрі – ақшалай түрде, қолма-қол ақшасыз аудару арқылы Жалғыз акционердің банктік шотына.

2010 жылғы дивидендтер туралы ақпараттар

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасы сырттай отырысының 2011 жылғы 27 маусымдағы №29/11 хаттамасына сәйкес, «Тау-Кен Самұрық» ҰТК АҚ Басқармасы, 2010 жылғы қызметінің қорытындылары бойынша «Тау-Кен Самұрық» ҰТК АҚ шығыны болуына байланысты, 2010 жылдың қорытындылары бойынша «Тау-Кен Самұрық» ҰТК АҚжай акциялары бойынша дивидендтер есептемеуге және төлемеуге шешім қабылдады. Жоспарлы шығын, «Тау-Кен Самұрық» ҰТК АҚ инвестициялық жобаларды іске асырудың бастапқы кезеңінде тұрғанына байланысты негізгі қызмет түрлерінен табыстың жоқтығымен түсіндіріледі.

2011 жылғы дивидендтер туралы ақпараттар

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасы сырттай отырысының 2013 жылғы 17 маусымдағы №32/13 хаттамасына сәйкес, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасы, 2012 жылғы қызметінің қорытындылары бойынша Тау-Кен Самұрық» ҰТК АҚ шығыны болуына байланысты, 2012 жылдың қорытындылары бойынша «Тау-Кен Самұрық» ҰТК АҚ жай акцияларына дивидендтер есептемеуге және төлемеуге шешім қабылдады.

2012 жылғы дивидендтер туралы ақпараттар

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасы сырттай отырысының 2012 жылғы 12 маусымдағы №26/12 хаттамасына сәйкес, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасы, 2011 жылғы қызметінің қорытындылары бойынша Тау-Кен Самұрық» ҰТК АҚ шығыны болуына байланысты, 2011 жылдың қорытындылары бойынша «Тау-Кен Самұрық» ҰТК АҚ жай акцияларына дивидендтер есептемеуге және төлемеуге шешім қабылдады.

2013 жылғы дивидендтер туралы ақпараттар

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасы сырттай отырысының 2014 жылғы 29 мамырдағы №26/14 хаттамасына сәйкес, 2013 жылғы қызмет нәтижелері бойынша «Тау-Кен Самұрық» АҚ 1 669 718 000 (бір миллиард алты жүз алпыс тоғыз миллион жеті жүз он сегіз мың) теңге мөлшеріндегі ұластырылған таза пайданың қолда болуына байланысты, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасы 250 457 700 (екі жүз елу миллион төрт жүз елу жеті мың жеті жүз) теңге мөлшеріндегі ұластырылған таза пайданың 15% Қоғамның Жалғыз акционерінің төлеміне бөлуге шешім қабылдады.

2014 жылғы дивидендтер туралы ақпарат

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасының 2015 жылғы 26 маусымдағы шешіміне сәйкес (№28/15 хаттама), «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасы, 2014 жылғы қызметтің қорытындысы бойынша таза табыс табуына байланысты, 22 066 650 (жиырма екі миллион алпыс алты мың алты жүз елу) теңге мөлшеріндегі шоғырландырылған таза табыстың 15% «Тау-Кен Самұрық» ҰТК АҚ Жалғыз акционерінің дивидендтерін төлеу үшін жіберуге шешім қабылдады.

2015 жылғы дивидендтер туралы ақпарат

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасы сырттай отырысының 2016 жылғы 16 мамырдағы №16/16 хаттамасына сәйкес, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасы, 2015 жылғы қызметінің қорытындылары бойынша Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ шығыны болуына байланысты, 2015 жылдың қорытындылары бойынша «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ жай акцияларына дивидендтер есептемеуге және төлемеуге шешім қабылдады.

2016 жылғы дивидендтер туралы ақпарат

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасының 2017 жылғы 24 шілдедегі шешіміне сәйкес (№22/17 хаттама), «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасы, 2016 жылғы қызметтің қорытындысы бойынша таза табыс табуына байланысты, 5 617 478 100 (бес миллиард алты жүз он жеті миллион төрт жүз жетпіс сегіз мың бір жүз) теңге мөлшеріндегі шоғырландырылған таза табыстың 15% «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Жалғыз акционерінің дивидендтерін төлеу үшін жіберуге шешім қабылдады.