Біз стратегиялық инвесторлармен бірлесіп жобаларды іске асыру арқылы Қазақстан Республикасының тау-кен металлургиялық саласының жекелеген секторларын дамытуға үлес қосамыз

Директорлар кеңесінің қызметін реттейтін құжаттар

.Қоғамда «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің біліктілігін арттыру және сыртқы сарапшыларды тарту саясаты жұмыс істейді, оның мақсаты Директорлар кеңесі мүшелерінің дағдылары мен біліктілігін дамытудың жүйелі, құрылымдық және ашық тетігін енгізу және егер Директорлар кеңесінің мүшелері қарастыратын мәселелер сыртқы кәсіби және тәуелсіз сараптаманы талап еткен жағдайда олардың сыртқы сапаршыларды тарту құқықтарын іске асыру жолымен Қоғамның Директорлар кеңесі қызметінің тиімділігін және шешімдерінің ақылға қонымдылығын арттыру болып табылады.

«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің біліктілігін арттыру және сыртқы сарапшыларды тарту саясатына сәйкес тәуелсіз директор Компания қаражаты есебінен өзінің біліктілігін арттыруға құқығы бар.

Осыған байланысты 2017 жылы тәуелсіз директор А.Ә.Аргингазин:

- «Самұрық-Қазына» корпоративтік университеті ұйымдастырған «IoD Chartered Director» директорларды сертификаттау халықаралық бағдарламасының «Ұйымды басқарудағы директордың ролі» модуліне.

- Project management 1, Project management 2: PMP Training Program оқыту курстарына қатысты.

2018 жылғы маусымда З.Ф. Арсланова «ICA Professional Postgraduate Diploma in Governance, Risk & Compliance» бағдарламасын оқытудың 1-модуліне қатысты.