Біз стратегиялық инвесторлармен бірлесіп жобаларды іске асыру арқылы Қазақстан Республикасының тау-кен металлургиялық саласының жекелеген секторларын дамытуға үлес қосамыз

Комплаенс

«Комплаенс» («Compliance» ағылшын тілінде - сақтау, келісу) – бұл қандай да бір ішкі немесе сыртқы талаптарға немесе нормаларға сәйкестіктікті білдіреді.

Комплеанс жауапкершілік саласына сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы іс-қимылды, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруды, терроризмды қаржыландыруды жатқызады. Комплаенс Қоғам қызметін қолданыстағы заңнамаға және ішкі регламеттерге сәйкестендіруді қамтамасыз етеді, қызметкерлердің этикалық мінез-құлық нормаларын белгілейді.

«Комплаенс» жүйесін енгізу мақсаты – қызметтің сыбайлас жемқорлықпен қауіпті салаларын анықтау және талдаудың тиімді тетіктерін қалыптастыру, ең үздік халықаралық стандарттарға сәйкес Қоғамды құқықтық, экономикалық, беделдік, санкциялық және өзге де қауіптерден кешенді қорғауды қамтамасыз ету.

Бастамашылықпен ақпараттандыру саясаты шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, ҚР заңнамасын бұзу фактілері, әдепсіз қылық немесе кемсітушілік мәселелері бойынша мазасыздануын білдірудің ішкі арналарынан басқа тәуелсіз оператор әкімшілендіретін бастамашылықпен ақпараттандырудың сыртқы орталықтандырылған желісі енгізілген.