Біз стратегиялық инвесторлармен бірлесіп жобаларды іске асыру арқылы Қазақстан Республикасының тау-кен металлургиялық саласының жекелеген секторларын дамытуға үлес қосамыз

КАДРЛЫҚ САЯСАТ ҮЛГІСІ

«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ 2018-2028 жылдарға арналған кадрлық саясаты «Самұрық-Қазына» АҚ Кадрлық саясаты мен «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ 2018-2028 жылдарға арналған Даму стратегиясына сәйкес кадрлық әлеуетті дамыту қағидаттарын, маңызды бағыттары мен тәсілдерін, басқару жүйесін айқындайтын адами ресурстарды басқару саласындағы халықаралық тәжірибені ескере отырып, әзірленген. Құжат миссия мен декларацияланатын стратегиялық мақсаттарды іске асыру үшін кадрлық менеджменттің негізгі бағыттары мен тәсілдерін айқындайды.

Кадрлық саясаттың мақсаты – персоналдың сандық және сапалық құрамын жаңарту және сақтау процесстерінің оңтайлы теңгерімін қамтамасыз ету, оны Қоғамның қажеттіліктеріне, қолданыстағы заңнама талаптарына және еңбек нарығының жай-күйіне сәйкес дамыту.

Персоналды басқару тиімділігінің қағидаттары:

1. Ұзақ мерзімді инвестициялар ретінде персоналға, басты жалпы корпоративтк ресурсқа қатынас – персоналды басқару саласындағы іс-шараларға арналған шығындар өндірістік қызмет нәтижелерімен қайтарылуы тиіс

2. Қызметкерлер мен Қоғамның өз міндеттемелерінің орындалуы үшін өзара жауапкершілігі және қызмет нәтижелері – максималды экономикалық және әлеуметтік әсерді қамтамасыз ете алатын персоналды басқару саласындағы қазіргі заманғы ғылыми әзірлемелерді пайдалану

3. Кадрларды олардың кәсіби және тұлғалық қасиеттері бойынша іріктеу және орналастыру – адами ресурстардың сандық-сапалық көрсеткіштерін көрсететін арнайы әзірлеген нысандар бойынша деректерді жүйелі жинауды көздейтін бизнес-бағыттардың қажеттіліктеріне бағдарлану

4. Персонал қызметін жүйелі бағалау – Қоғамдағы адами ресурстардың сапасын және Қоғамның стратегиялық мақсаттарын ескере отырып, лауазымдық ұстанымдарға қойылатын талаптарға сәйкестігін талдау

5. Көтермелеу және жазалау туралы шешімдер қабылдауда жеделдік және жариялық – бейілділікті арттыруға және персоналдың тұрақтамауын азайтуға арналған кешенді тәсілдер әзірлеу, корпоративтік мәдениетті дамыту

6. Кадрлық саясатты іске асыру шеңберінде қабылданатын шешімдердің сабақтастығы – білім, тәжірибе және дәстүрлер сабақтастығы, қызметкерлерді дамытуға және оқытуға ерекше көңіл аудару

Кадр саясатының маңызды бағыттары:

·Персоналдың тиімді жұмыспен қамтылуы

·Корпоративтік мәдениетті жетілдіру

·Персоналды оқыту және дамыту

·Персоналды бағалау және ынталандыру

Кадрлық саясаттың НҚК нысаналы мәні:

·Персоналдың тартылу дәрежесі

·Кадрлардың тұрақтамауы

·Кадрлық резервтен тағайындау пайызы (мұрагер пулы)

·Бір жыл ішінде көшбасшылықты дамытудың міндетті бағдарламасы бойынша оқытудан өткен қызметкерлер пайызы

«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ персоналының штаттық саны 2019 жылдың басында 71 адамды құрайды.

"Тау-Кен Самұрық" ҰТК"АҚ кадрлық саясаты