Тұрақты даму талаптарына сәйкес инвестициялық жобаларды тиімді іске асыру және қатты пайдалы қазындының басым түрлері активтерін тиімді пайдалану есебінен, Қазақстан Республикасының тау-байыту және металлургиялық жобаларын дамыту

Компания туралы жалпы мәлімет

«Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамы тікелей интеграцияланған компания болып табылады және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 қаңтардағы №10 қаулысына сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызмет тиімділігін мына салаларды:

  • қатты пайдалы қазбаларды барлауды, игеруді, өндіруді, өңдеуді және өткізуді;
  • қоғамға табысталған тау-металлургия саласы акциялар пакетін тиімді басқаруды;
  • тау-металлургия өнеркәсібінде жаңа ғылымды және тиімді технологияларды қажетсінетінсалаларды әзірлеу мен енгізуді;
  • республиканың минералды шикізат базасын молайтуды,
  • кен орындарының баланстан тыс запасын игеруді қамтамасыз ету мақсатында құрылған.

«Тау-Кен Самұрық» ҰТК АҚ «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ компаниялары тобына кіреді. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК АҚ «GlencoreInternational» компаниясының әріптесі болып табылады және «Қазцинк» ЖШС жарғылық капиталына 29,8% қатысу үлесіне иелік етеді.

Біздің даму стратегиямыз

Компанияның Директорлары кеңесі "Тау-Кен Самұрық" ҰТК АҚ 2017-2026 жылдарға арналған жаңаланған даму стратегиясын 2017 жылы бекітті.

Миссия

Компанияның миссиясы тұрақты даму талаптарына сәйкес инвестициялық жобаларды тиімді іске асыру және қатты пайдалы қазындының басым түрлері активтерін тиімді пайдалану есебінен, Қазақстан Республикасының тау-байыту және металлургиялық жобаларын дамыту болып табылады.

Болжау

Болжау Компанияны, үздік технологияларды және әріптестерді тарта отырып, маңызды және күрделі кен орындарын игеретін, Қазақстан Республикасындағы тау-металлургия саласын дамытудың қозғаушы күші ретінде дәйектейді.

Біз үшін басым металдар – алтын, мыс, мырыш, қорғасын.

Стратегиялық міндеттер:

  1. Акцинер үшін Компания құнын ұлғайту.
  2. Кері инвестициялау есебінен Компанияның тұрақты өсуі.
  3. Жобаларды басқару және жаңа жобалар іздеу бойынша Компанияның біліктілігін арттыру.
  4. Қазақстанның ТМК дамытуға жәрдемдесу.

Бөлімнің құжаттары: