Тұрақты даму талаптарына сәйкес инвестициялық жобаларды тиімді іске асыру және қатты пайдалы қазындының басым түрлері активтерін тиімді пайдалану есебінен, Қазақстан Республикасының тау-байыту және металлургиялық жобаларын дамыту

Қоршаған ортаны қорғау

«Тау-Кен Самұрық» ҰТК АҚ өзінің қызмет ауқымын кеңейте отырып, табиғатты пайдалану стратегиясын тиімді түрде құрады.

2015 жылы Қоғам мен оның еншілес және тәуелді ұйымдары (бұдан әрі - ЕТҰ) қатысқан аймақтарда қолайлы қоршаған ортаны сақтаудағы оның рөлі мен міндеттеріне қатысты Қоғамның орнын білдіретін «Тау-Кен Самұрық» ҰТК АҚ корпоративті экологиялық саясаты жаңартылды.

Қоғам өзінің экологиялық қызметін жоспарлап және жүзеге асыра отырып мына негізгі принціптерді ұстанады:

  • Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңнамасымен бекітілген талаптар мен нормаларға сәйкестікті қамтамасыз ету;
  • Қоршаған ортаны ластаудың және оған кез келген басқа түрде залал келтiрудi болдырмау жөнiнде алдын алу шараларының мiндеттiлiгi;
  • Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қолда бар технологияларды тұрақты жетілдіру және жаңа технологияларды енгізу;
  • Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін жүйелі және кешенді шешу және табиғатты қорғау қызметін жүргізу;
  • Экологиялық ақпараттың ашықтығы мен қолжетімдігі.

Экологиялық қызметтің негізгі қағидаттарын жүзеге асыру үшін Қоғам өзіне мына міндеттемелерді алады:

  • Экологиялыққауiпсiздiкпенқоршағанортанықорғаудықамтамасыз етужөнiндегi қызметті қажетті ресурстармен қамтамасыз ету;
  • Экологиялық басымдықтарды есепке ала отырып, дамудың көп нұсқалы сценарийі негізінде басқарушылық және инвестициялық шешімдерді қабылдау;
  • Инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін қатерлерді азайтуды қарастыруды;
  • Тұрақты негізде Қоғам мен оның ЕТҰ өндірістік қызметінің экологиялық мониторинг пен аудитті жүргізеді;
  • Қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қоғам мен оның ЕТҰ қызметімен байланысты экологиялық ақпаратқа кең ауқымда қол жеткізуді және осы салада қолданылатын шешімдермен қамтамасыз етуді өзіне алады.

Бөлімнің құжаттары:

2015 жылғы 27 тамызда «Тау-Кен Самұрық» ҰТК АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысының Шешімімен бекітілген (№08/15 Хаттама) «Тау-Кен Самұрық» ҰТК АҚ Экологиялық саясаты Құжатты жүктеу