Біз стратегиялық инвесторлармен бірлесіп жобаларды іске асыру арқылы Қазақстан Республикасының тау-кен металлургиялық саласының жекелеген секторларын дамытуға үлес қосамыз

Персоналды бағалау

Нақты өлшенетін табыс өлшемдерінің негізінде қызметтің тиімділігін айқындауға және барабар материалдық емес және материалдық сыйақылармен ынталандыруға бағытталған персоналды бағалау рәсімі Қоғамда 2009 жылдан бастап жұмыс істейді.

Адами ресурстарды тиімді басқарудың танымал әлемдік тәжірибесіне сәйкес бұл рәсім есепті кезең ішіндегі қызметтің нәтижелілігін ескере отырып, қызметкердің іскерлік және көшбасшылық құзыреттерін бағалауға негізделеді.

Қоғамдағы қолданыстағы қызметкерлердің (әкімшілік персоналдардың) қызметін бағалау қағидаларына сәйкес процесс қызметкерлер қызметін жыл сайынғы бағалау және аралық (тоқсан сайын) шолу арқылы жүргізіледі және мыналарды қамтиды: өзін өзі бағалау, шолу кездесулері, дағдыларды, әлеуетті, бағаны шолу және қызметкерлерге қызмет тиімділігін арттыру және даму үшін мүмкіндіктер бойынша бағыт беру.

2018 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша әкімшілік қызметкерлерге жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша (калибрлік сессия) қызметкерлер мынадай рейтингтерге бөлінді:

Стандарттан артық – 23 % (қызметкер қызметтен күтілетін нәтижелерді артық орындайды. Команда мен Қоғамның маңызды қызметкері болып есептеледі. Тиісті дағдылардың үлкен тәжірибесін көрсетеді және келешектегі стратегиялық бизнес-міндеттерді шешуге қажетті білім мен дағдыларын дамытуға тырысады)

Болжалға (күту) сәйкес келеді – 77% (қызметкер қызметтен күтілетін нәтижелерге қол жеткізеді, ал кейде артық орындайды. Команда мен Қоғамның қызметіне елеулі үлес қосады. Мақсаттарға қол жеткізеді және кейбір жұмыстарда басшылық міндеттерін орындайды. Тиісті дағдыларда құзыреттілігін танытады және келешектегі стратегиялық бизнес міндеттерді шешуге қажетті білімі мен дағдыларын дамытады. Басқалардың дамуына ықпал етеді)