Тұрақты даму талаптарына сәйкес инвестициялық жобаларды тиімді іске асыру және қатты пайдалы қазындының басым түрлері активтерін тиімді пайдалану есебінен, Қазақстан Республикасының тау-байыту және металлургиялық жобаларын дамыту

Директорлар Кеңесінің шешімдері

2018 жылдың 6 маусымында «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесінің бетпе-бет отырысы өтті.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды: «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқарма құрамының өзгеруі туралы». Дауыс беру үшін кворум бойынша талаптар сақталған, отырыс нысаны ашық.

Дауыс беру және талқылау қорытындысы бойынша Директорлар кеңесі шешті:

1. Бизнесті дамыту жөніндегі бас директор, Басқарма мүшесі - Әлібек Нұрғалиұлы Аршабековтің өкілеттігі тоқтатылсын.

2. 2018 жылдың 6 маусымынан бастап «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Бизнесті дамыту жөніндегі бас директоры, Басқарма мүшесі болып Даулетжан Кеңесұлы Хасанов сайлансын.

2018 жылдың 23 сәуірінде "Тау-Кен Самұрық" ҰТК» АҚ Директорлар кеңесінің жеке отырысы өтті, оның шеңберінде отырыстың күн тәртібінің 2 мәселесі қаралды, оның ішінде:
1. "Тау-Кен Самұрық" ҰТК» АҚ Басқарма мүшелерінің санын, мүшелерін және мүшелерін сайлау туралы шешім қабылдау.
2. "Тау-Кен Самұрық" ҰТК» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерін сайлау.

2018 жылғы 29 қаңтарда "Тау-Кен Самұрық" ҰТК» АҚ Директорлар кеңесінің бетпе-бет отырысы болып өтті, оның аясында отырыстың күн тәртібіндегі 8 мәселе қаралды, оның ішінде:

1. Жасалуына мүдделілік танылып отырған мәмілелер туралы ақпараттарды қарау туралы.

2. Жамбыл облысындағы Гагарин кен орны алтын құрамды рудасын барлауға арналған 2013 жылғы 27 желтоқсандағы №4323-ТПИ және Жамбыл облысындағы Шоқпар кен орны алтын құрамды рудасын барлауға арналған 2014 жылғы 14 қаңтардағы №4333-ТПИ Келісімшарттарын қолдану мерзімін ұзарту туралы.

3. «Шоқпар-Гагарин» ЖШС Жарғысына өзгерістер енгізу туралы.

4. "Тау-Кен Самұрық" ҰТК» АҚ портфелі негізгі параметрлерінің жаңа редакциясын бекіту туралы.

5. "Тау-Кен Самұрық" ҰТК» АҚ Корпоративтік хатшысының 2017 жылғы 4 тоқсандағы қызметі туралы есепті қарау.

6. "Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамының Қызметкерлерге еңбекақы төлеу және сыйақы беру қағидасының жаңа редакциясын бекту туралы.

7. «Logic Business» ЖШС, «Logic Invest Capital» ЖШС, «ДАНА» инвестиция үйі» ЖШС атқарушы органдарын сайлау туралы.

8. "Тау-Кен Самұрық" ҰТК» АҚ Операциялық активтер жөніндегі бас директоры туралы.

2017 ж. шешімдері

2016 ж. шешімдері

2015 ж. шешімдері

2014 ж. шешімдері

2013 ж. шешімдері