Біз стратегиялық инвесторлармен бірлесіп жобаларды іске асыру арқылы Қазақстан Республикасының тау-кен металлургиялық саласының жекелеген секторларын дамытуға үлес қосамыз

2019 жылғы мәмілелер

1. «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы шешімінің (№42/18 хаттама) негізінде 2019 жылғы 15 қаңтарда Сенімгерлік басқару туралы шартқа қол қойылды, оған сәйкес «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС «TinOneMining» АҚ жарғылық капиталындағы өзіне тиесілі 30 001 (отыз мың бір) қарапайым акцияларын (25% қатысу үлесін) Сенімгерлік басқару туралы шартта келісілген талаптармен «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ға сенімгерлік басқаруға береді.

2. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқармасының 2019 жылғы 4 ақпандағы шешімімен (№03-19 хаттама) «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ мен «Солтүстік Катпар» ЖШС арасында Өтеулі қарыз шартын жасау мақұлданған.

2019 жылғы 4 ақпандағы № 16 шартқа сәйкес қарызды қайтару мерзімі 2019 жылдың 31 желтоқсаны, сыйақы ставкасы – жылдығына 0,1%.

«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ «Солтүстік Катпар» ЖШС-ның Жалғыз қатысушысы болып табылады.

3.«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқармасының 2019 жылғы 18 ақпандағы шешімімен (№05-19 хаттама) «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ мен «ШалқияЦинкЛТД» АҚ арасында Өтеулі қарыз шартын жасау мақұлданған.

2019 жылғы 11 наурыздағы № 17 шартқа сәйкес қарызды қайтару мерзімі 2019 жылдың 10 сәуірінен кешіктірмей, сыйақы ставкасы – жылдығына 5%.

«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ «ШалқияЦинкЛТД» АҚ-ның Жалғыз қатысушысы болып табылады.

4. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқармасының 2019 жылғы 13 наурыздағы шешімімен (№08-19 хаттама) «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ мен «ТауКен Жоба» БК» ЖШС арасында Өтеулі қарыз шартын жасау мақұлданған.

2019 жылғы 14 наурыздағы № 18 шартқа сәйкес қарызды қайтару мерзімі 2019 жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей, сыйақы ставкасы – жылдығына 0,1%.

«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ «ТауКен Жоба» БК» ЖШС-ның Жалғыз қатысушысы болып табылады.

2018 жылғы мәмілелер

2017 жылғы мәмілелер

2016 жылғы мәмілелер

2015 жылғы мәмілелер

2014 жылғы мәмілелер