Тұрақты даму талаптарына сәйкес инвестициялық жобаларды тиімді іске асыру және қатты пайдалы қазындының басым түрлері активтерін тиімді пайдалану есебінен, Қазақстан Республикасының тау-байыту және металлургиялық жобаларын дамыту

Трансформация

2014 жылғы 6 қазанда Қазақстан Республикасының Президентінің қатысуымен өткен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ трансформациялау» Форумында «Самұрық-Қазына» АҚ тобындағы Транформациялау бағдарламасына ресми старт берілді. Трансформация – ауқымды жоба, сондықтан да «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ «Самұрық-Қазына» АҚ мақсаты мен ұмтылысын толықтай түсінеді және онымен бөліседі.

6 жыл бұрын құрылған жас компания ретінде, «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ өзгермелі сыртқы талаптар мен өсе түскен міндеттер жағдайын үнемі бастан кешіруде. Жобалар портфелі өсуде және күрделенуде, оның әрқайсысының өзіндік ерекшекшеліктері бар, сол себепті де процестерді дұрыс ұйымдастыру қажеттілігі бірінші қатарға қойылады. Біз өзгерістерге ашық болуға және кез-келген сыртқы және ішкі сындарға бейімделе білуге тиістіміз.

«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ құрылған сәттен бері үздіксіз үдерісті жетілдіру мәдениетін қалыптастырады, сондықтан «Самұрық-Қазына» АҚ трансформациялау бағдарламасымен өзара әрекеттесудің үлкен пайдасы бар деп күтілуде.

Трансформация бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесінің шешімі бойынша «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ трансформациялауға арналған Жол картасын әзірледі және бекітті. Жол картасы 2014-2016 жылдарға арналған және «Адамдар» бағыты бойынша міндеттер қойды.