Қазақстандағы тау-кен өндірісінің және металлургиялық сектордың даму траекториясын іргелі жақсарту

Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау

Тәуекелдерді басқару жүйесі

Тәуекел-менеджмент «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады және барлық елеулі тәуекелдерді сәйкестендіруге, бағалауға және мониторингтеуге, сондай-ақ Қоғамның және оның еншілес компанияларының құны мен беделіне теріс әсер етуі мүмкін тәуекел деңгейін азайтуға бағытталған шараларды қабылдауға бағытталған.

Өз қызметін жүзеге асыру процесінде Қоғам қандай да болмасын дәрежеде жалпы жоспарланған көрсеткіштер мен мақсаттарға, қабылданатын шешімдердің тиімділігі мен нәтижелілігіне қол жеткізуге әсер ететін әр түрлі тәуекелдермен бетпе-бет келеді. Осылайша, Қоғам өзінің қаржы-шаруашылық қызметі мен беделіне кері әсерін тигізуі мүмкін тәуекелдер деңгейін төмендету бойынша уақтылы сәйкестендіруге және шараларды қабылдауға бағытталған корпоративтік басқару жүйесінің негізгі компоненті ретінде тәуекелдерді басқарудың маңыздылығын түсінеді.

Қоғамдағы тәуекелдерді басқару процесі тәуекелдерді басқару бойынша Қоғамның Директорлары кеңесі бекіткен ішкі құжаттарға сәйкес жүргізіледі. Тәуекелдерді басқару саясаты Қоғамда және оның еншілес ұйымдарында жүргізілетін тәуекелдерді басқару үдерісін жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару құрылымын, тәуекелдерді басқару процесінің негізгі компоненттерін анықтап, жүйелі және дәйекті тәсілдерді қамтамасыз етеді.

Тәуекелдің негізгі факторлары

Қоғам тобының тәуекелдерін іске асыруға ықпал ететін негізгі факторлар:

·Кен орындарының төмен немесе толық емес деңгейде зерттелуі;

·Геологиялық барлау жұмыстары сапасының төмендігі және нәтижелердің жеткілікті талданбауы;

·Жобалау кезіндегі қателіктер;

·Табиғи апаттар;

·Шикізат сапасының төмендігі;

·Өзгермелі айырбас бағамына өту салдарынан валюта нарығындағы бағамдардың жоғарғы құбылмалылығы және т.б.

Ішкі бақылау жүйесі

Ішкі бақылау үш негізгі сала бойынша алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу мақсатында ішкі бақылау жүйесінің қатысушыларымен жүзеге асырылатын процес ретінде анықталады.

• операциялық қызмет;

• қаржылық есеп беруді дайындау;

• нормативтік және заңнамалық талаптарды сақтау.

Қоғамның Ішкі бақылау жүйесі корпоративтік басқару жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылып, басқарудың барлық деңгейлерін, барлық ішкі процестер мен операцияларды қамтиды.

Ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру Қоғамның тәуекелдерге жылдам жауап беруге, Қоғамның негізгі және қосалқы бизнес-процестері мен күнделікті операцияларына бақылауды жүзеге асыруға, сондай-ақ жақсарту үшін кез келген елеулі кемшіліктер мен салалар туралы тиісті деңгейдегі басшылықты дереу хабардар етуді жүзеге асыруға қабілетті басқару жүйесін құруды қарастырады. Ішкі бақылау жүйесінің сенімді және тиімді жұмыс істеуі Қоғамның барлық деңгейдегі лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерін ішкі бақылау аясында тарту және өзара тұрақты іс-қимылды талап етеді.

Ішкі бақылау жүйесі аясындағы Қоғамның қызметі ішкі бақылау жүйесінің түсінігін, мақсаттары мен міндеттерін, оның жұмыс істеу принципін, ішкі бақылау жүйесінің маңызды салалары мен негізгі құрамдастырын, Қоғамдағы ішкі бақылау процедурасын орындау және ішкі бақылау жүйесін бағалау бойынша ішкі бақылау субъектілерінің құзыреті мен жауапкершілігін анықтайды.

Бөлімнің құжаттары: