Қазақстандағы тау-кен өндірісінің және металлургиялық сектордың даму траекториясын іргелі жақсарту

Білімді басқару

Қызметкерлерді оқыту мен дамыту, стратегиялық даму талаптары мен перспективасы есепке алына отырып, қызметкерлер біліктілігінің тиісті деңгейін қалыптастыру мен қолдау мақсатында жүзеге асырылады.

Қызметкерлерді оқыту мен дамытумына қағидаттарға негізделеді:

1. жүйелілік – кәсіпке оқыту мен кәсіби дамыту жүйесінің барлық элементтері стратегиялық мақсаттарға бағындырылуға тиісті;

2. динамикалық және икемділік – мақсатты түзету мен міндеттерді өзгерту, оқытудың мақсаттарындағы, бағыттарындағы, басымдықтарындағы, тәсілдеріндегі және үлгісіндегі өзгерістерге әкелуі қажет;

3. жүйелілік және толассыздық – оқыту мен дамыту ауық-ауық емес, жүйелі, жоспарлы сипатта болуға тиісті;

4. нәтижелілік – оқыту мен дамыту қол жеткен нәтижелерді бағалау нақты өлшенетін критерийлермен сүйемелденуге тиісті;

5. практикалық бағыт ұстау – – оқыту мен дамыту, ең алдымен, кәсіби және іскерлік дағдыны қалыптастыруға бағытталуы тиісті;

6. бірлескен жауапкершілік – білім алудың жауапкершілігі оқитын қызметкерге, жаттықтырушыға (оқытушы), құрылымдық бөлімше басшыларына, жауапты құрылымдық бөлімшеге жүктеледі.

Қоғам өзінің қызметкерлері үшін қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік кәсіби оқу мен даму (біліктілігін көтеру) мүмкіндігін ұсынады. Ұзақ мерзімдік оқу бірінші кезекте кадр резервіне енгізілгенқызметкерлерге білім алу кезінде ғылыми дәрже берілетін диссертациялық жұмыстар және тағылымдамадан немесе оқудан өту кезінде ғылыми дәреже берілмейтін, оның алдына жобалық жұмыстар жазу үшін ұсынылады.

Қызметкермен және оның тікелей басшысымен келісілген, қызметкердің жеке даму базасында қалыптасқан, қызметкерлерді оқытудың (біліктілігін арттырудың) күнтізбелік жоспары жыл сайынғы негізде жасалады және бекітіледі.

Қоғам қаржысы есебінен кәсіби қысқа мерзімдік оқудың аяқталуы бойынша, қызметкер оқудың құнына байланысты белгілі бір уақытта жұмыспен өтеуге міндетті.