Тұрақты даму талаптарына сәйкес инвестициялық жобаларды тиімді іске асыру және қатты пайдалы қазындының басым түрлері активтерін тиімді пайдалану есебінен, Қазақстан Республикасының тау-байыту және металлургиялық жобаларын дамыту

Ішкі аудит

Ішкі аудит қызметі (бұдан әрі – Қызмет), Директорлар кеңесіне ұйымдық бағынышты және қызметтік есеп беретін, Компанияда ішкі аудитті жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, «Тау-Кен Самұрық» ҰТК АҚ (бұдан әрі – Компания) органы болып табылады. Қызмет жұмысына жетекшілік етуді Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті жүзеге асырады.

Қызметтің Миссиясы Директорлар кеңесіне және Басқармаға Компанияның стратегиялық мақсаттарына жетуі жөніндегі олардың міндеттемелерін орындауына тиісті көмек көрсету болып табылады.

Қызмет жұмысының басты мақсаты, Директорлар кеңесіне Компаниядағы тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау мен корпоративтік басқару жүйесін жетілдіруге арналған тәуелсіз және шынайы кепілдіктер мен консультациялар беру болып табылады.

Қызметтің маңызды функциясына мыналар жатады:

  • Компаниядағы ішкі бақылау жүйесінің баламалылығын және тиімділігін бағалау;
  • Компаниядағы тәуекелдерді бағалау әдіснамасын және тәуекелдерді басқару процедурасын қолданудың толықтығын және тиімділігін бағалау;
  • Компаниядағы этикалық стандарттарға және құныдылықтарға сәйкесетін, корпоративтік басқарудың қабылданған қағидаттарын енгізуді бағалау мен сақтау;
  • Қазақстан Республикасының заңнамалары, Компанияның ішкі құжаттары талаптарының сақталуын тексеру, сондай-ақ уәкілетті және қадағалаушы органдардың нұсқауларын, Компания органдарының шешімдерін орындау және осы талаптарды сақтау (комплаенс-бақылау) мақсатында құрылған жүйені бағалау;
  • Директорлар кеңесінің тапсырмасы бойынша (аталған ұйымда ішкі аудит қызметі болмаған жағдайда) Компанияның еншілес/тәуелді ұйымдарына ішкі аудитті жүзеге асыру;
  • Сыртқы және ішкі аудит шығарған ұсыныстарды Компанияның орындауын мониторингтеу.

Жылдық аудиторлық жоспарды әзірлеу кезінде Қызмет, бағдарлы тәуекел тәсілін пайдаланады. Аудиторлық тексерулер Аудит жөніндегі комитет мақұлдаған және Компанияның директорлары кеңесі бекіткен, Жылдық аудиторлық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

Аудит жөніндегі комитет алдын-ала қараған, Қызметтің жұмысы туралы есептер, Директорлар кеңесіне тұрақты негізде ұсынылады.

Үздіксіз кәсіби даму мақсатында, Қызметтің қызметкерлері оқу іс-шараларына қатысады, осылайша өзінің білімін, дағдысын және біліктілігін үнемі жетілдіріп отырады.

Қызмет өзінің жұмысында Қазақстан Республикасының заңнамасын, Жарғыны, Компания органдарының шешімдерін, Қызмет туралы ережені және Компанияның өзге де ішкі құжаттарын басшылыққа алады. Сондай-ақ, Қызметтің жұмысы Ішкі аудиторлар институты (Тhе Institute of Intemal Auditors Inc) әзірлеген, ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарына негізделеді.

Қызмет, Қызметтің жұмысын регламенттейтін ішкі нормативтік құжаттарды енгізу және тұрақты жетілдіру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізеді. Қызметтің ішкі нормативтік құжаттарын, сондай-ақ олардың барлық өзгерістерін Компаияның Директорлары кеңесі бекітеді.

Бөлімнің құжаттары: