Біз стратегиялық инвесторлармен бірлесіп жобаларды іске асыру арқылы Қазақстан Республикасының тау-кен металлургиялық саласының жекелеген секторларын дамытуға үлес қосамыз

​2014 жылғы 28 мамыр

«Тау-Кен Самұрық» АҚ Директорлары кеңесінің кезекті отырысы болып өтті.

«Тау-Кен Самұрық» АҚ Директорлары кеңесінің кезекті отырысы болып өтті, оның аясында отырыстың күн тәртібіндегі 13 мәселе қаралды.

Оның ішінде, «Тау-Кен Самұрық» АҚ Директорлары кеңесі Стратегиялық жоспарлау және инвестициялар жөніндегі комитетті құру туралы шешім қабылдады, Комитеттің мынадай құрамы белгіленді:

1) Нартай Нұртайұлы Дүтбаев - Тәуелсіз директор, «Тау-Кен Самұрық» АҚ Стратегиялық жоспарлау және инвестициялар жөніндегі комитетінің төрағасы;

2) Зарина Фуатовна Арсланова – Тәуелсіз директор, «Тау-Кен Самұрық» АҚ Директорлары кеңесі Стратегиялық жоспарлау және инвестициялар жөніндегі комитетінің мүшесі;

3) Алексей Владимирович Огай – «Самұрық-Қазына» АҚ активтерін басқару жөніндегі бас директордың орынбасары, «Тау-Кен Самұрық» АҚ Директорлары кеңесі Стратегиялық жоспарлау және инвестициялар жөніндегі комитетінің сарапшысы.

Сонымен бірге, «Тау-Кен Самұрық» АҚ Директорлары кеңесінің ағымдық Комитеттерінің құрамына мынадай өзгерістер енгізілді:

- Тау-Кен Самұрық» АҚ Директорлары кеңесі Аудит жөніндегі комитетінің құрамына сарапшы ретінде, «Самұрық-Қазына» АҚ Электроэнергетика және тау-металлургия активтері дирекциясының бас сарапшысы Бауыржан Алпысбайұлы Айнабеков сайланды.

- «Тау-Кен Самұрық» АҚ Директорлары кеңесі Тағайындау және сыйақы жөніндегі комитетінің құрамына мыналар сайланды: Н.Н.Дүтбаев - Тәуелсіз директор, «Тау-Кен Самұрық» АҚ Директорлары кеңесі Тағайындау және сыйақы жөніндегі комитетінің мүшесі, сондай-ақ Б.А.Айнабеков - «Самұрық-Қазына» АҚ Электроэнергетика және тау-металлургия активтері дирекциясының бас сарапшысы, «Тау-Кен Самұрық» АҚ Директорлары кеңесі Аудит жөніндегі комитетінің құрамына сарапшы.

«Тау-Кен Самұрық» АҚ Директорлары кеңесі мынадай:

1.«Тау-Кен Самұрық» АҚ Даму стратегиясының 2013 жылғы іске қосылуы туралы;

2.«Тау-Кен Самұрық» АҚ 2014-2018 жылдарға арналған даму жоспарының І тоқсандағы атқарылуы туралы;

3.«Тау-Кен Самұрық» АҚ 2014 жылғы І тоқсандағы тәуекелдері жөніндегі бойынша есептерді қарады.

«Тау-Кен Самұрық» АҚ Директорлары кеңесінің отырысы аясында:

- «Тау-Кен Жоба» БК» ЖШС қатысушылары жалпы жиналысының құзыретіне жататын, қызмет мәселелері бойынша «Тау-Кен Жоба» БК» ЖШС қатысушысы ретінде «Тау-Кен Самұрық» АҚ ұстанымын айқындау туралы;

- «Тау-Кен Жоба» БК» ЖШС өтеусіз займ беру туралы;

- «Kazzinc Holdings» ЖШС қатысушыларының құрылтай жиналысында кейін дауыс беру мақсатында, «Kazzinc Holdings» ЖШС қатысушысы ретінде «Тау-Кен Самұрық» АҚ ұстанымын айқындау туралы;

- «Тау-Кен Самұрық» АҚ Ішкі аудит қызметі қызметкерлері лауазымдарының атауын және еңбекақы мөлшерін өзгерту туралы мәселелер бойынша оң шешімдер қабылдады.

«Logic Business» ЖШС, «Logic Invest Capital» ЖШС, «Дана» инвестиция үйі» ЖШС жарғыларына өзгерістер енгізілді, «Тау-Кен Самұрық» АҚ Ықтимал заң бұзушылықтар туралы хабарландыру саясаты, сондай-ақ «Тау-Кен Самұрық» АҚ банктер-контрагенттерге арналған баланстық және баланстан тыс міндеттемелері бойынша қосымша лимиттер бекітілді.