Біз стратегиялық инвесторлармен бірлесіп жобаларды іске асыру арқылы Қазақстан Республикасының тау-кен металлургиялық саласының жекелеген секторларын дамытуға үлес қосамыз

​2014 жылғы 31 наурыз

«Тау-Кен Самұрық» АҚ Директорлары кеңесінің кезекті отырысы болып өтті, 12 мәселе қаралды.

«Тау-Кен Самұрық» АҚ Директорлары кеңесінің кезекті отырысы болып өтті, онда мынадай 12 мәселе қаралды және олар бойынша шешімдер қабылданды.

«Тау-Кен Самұрық» АҚ 2014 – 2018 жылдарға арналған даму жоспары мен Қоғам Басқармасы мүшелері қызметінің 2014 жылға арналған маңызды көрсеткіштері бекітілді. Сонымен бірге, «Тау-Кен Самұрық» АҚ 2013 жылғы жылдық қаржы есептемесі алдын ала бекітілді, «Тау-Кен Самұрық» АҚ Ішкі аудит қызметі туралы ережесінің және «Тау-Кен Самұрық» АҚ Ішкі аудитті ұйымдастыру жөніндегі басшылығының жаңа редакциясы қабылданды.

«Тау-Кен Самұрық» АҚ Директорлары кеңесінің шешімімен, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдастырушылық құқықтық түріндегі үш 100% еншілес компаниясы, оның ішінде «ТКС - Жақсылық» ЖШС, «Тау-Кен Прогресс» ЖШС, «ТКС-Қостанай» ЖШС құрылды, сондай-ақ тиісті жарғылары бекітілді.

Қатысушалар жалпы жиналысының құзырына жататын қызмет мәселелері бойынша «Тау-Кен Самұрық» АҚ Директорлары кеңесі, «Тау-Кен Жоба» БК» ЖШС қатысушысы ретінде «Тау-Кен Самұрық» АҚ-тың ұстанымын анықтау туралы мынадай шешімдер қабылдады:

1. Акционерлік қоғамның «Great Western Exploration Limited» жауапкершілігі шектеулі акционерлік қоғамының «Тау-Кен Жоба» БК» ЖШС қатысушысы құрамынан ерікті шығуы және «Тау-Кен Жоба» БК» ЖШС жарғылық капиталына 50% қатысу үлесін «Тау-Кен Самұрық» АҚ меншігіне өтеусіз беру.

2. «Тау-Кен Самұрық» АҚ пен Great Western Exploration Limited ЖШАҚ арасында 2014 жылғы 6 наурызда жасалған, «Қарағанды облысы Спасск мыс рудасы аймағындағы мысты, алтынды және ілеспе құрамды барлау және өндіру» жобасын бірлесіп игеру туралы келісімді бұзу туралы келісім.

3. «Тау-Кен Самұрық» АҚ пен Great Western Exploration Limited ЖШАҚ арасында 2014 жылғы 6 наурызда жасалған, «Тау-Кен Жоба» БК» ЖШС жарғылық капиталына қатысу үлесін өтеусіз беру шарты.

Сондай-ақ, «Тау-Кен Самұрық» АҚ Директорлары кеңесі, «Төрт Құдық» тау-байыту комбинаты» АҚ пен «Альголд» ЖШС бірлесіп «Ақмола облысы Ешкіөлмес кен орнындағы алтынды, мысты барлау мен өндіру» жобасын бірлесіп игеру туралы 2012 жылғы 11 шілдедегі келісімге №4 толықтыру келісімді жасау туралы шешім қабылдады.