Біз стратегиялық инвесторлармен бірлесіп жобаларды іске асыру арқылы Қазақстан Республикасының тау-кен металлургиялық саласының жекелеген секторларын дамытуға үлес қосамыз

​2016 жылғы 26 тамыз

​2016 жылғы 26 тамызда"Тау-Кен Самұрық" АҚ Директорлары кеңесінің кезекті күндізгі отырысы болып өтті.

2016 жылғы 26 тамызда "Тау-Кен Самұрық" АҚ Директорлары кеңесінің кезекті күндізгі отырысы болып өтті, оның аясында отырыстың күн тәртібіндегі 26 мәселе бойынша шешімдер қабылданды, оның ішінде:

1. "Тау-Кен Самұрық" АҚ 2016-2020 жылдарға арналған даму жоспарының 2016 жылғы І тоқсандағы орындалуы туралы есепті қарау туралы.

2. Тәуекелдер жөніндегі 2016 жылғы ІІ тоқсандағы есепті бекіту туралы.

3. Жетілдірілуіне мүдделі болып отырған, Қоғамның 2016 жылғы бірінші жарты жылдықтағы мәмілелері туралы ақпаратын қарау туралы.

4. «Тау-Кен Проект» ЖШС Бас директрының өкілеттігін мкрзімінен бұрын тоқтату туралы және «Тау-Кен Проект» ЖШС Бас директорын сайлау туралы.

5. "Тау-Кен Самұрық" АҚ Жалғыз акционерінің болжамдарын іске асыру жөніндегі 2016 жылға іс-шаралар жоспарын қарау туралы.

6. "Тау-Кен Самұрық" АҚ Директорлары кеңесінің Стратегиялық жоспарлау және инвестициялар комитетінің құрамына өзгерістер енгізу туралы.

7. "Тау-Кен Самұрық" АҚ Корпоративтік хатшысының 2016 жылғы ІІ тоқсандағы қызметі туралы есебін қарау.

8. "Тау-Кен Самұрық" АҚ Басқарма мүшелері Т.Ж.Бигожинді және А.Н.Аршабековты «Altyntau Kokshetau» АҚ Директорлары кеңесінің мүшелігіне өтуіне келісім беру туралы.

9. "Тау-Кен Самұрық" АҚ Басқармасы мүшелері қызметінің маңызды көрсеткіштерін және олардың 2016 жылға арналған мақсатты мәндерінің жаңа редакциясын бекіту туралы.

10. "Тау-Кен Самұрық" АҚ ақпараттарын ашудың ашықтығы мен тиімділігі процестерінің 2016 жылғы бірінші жарты жылдықтағы есебін қарау.

11. 2014 жылғы 2 қазанда жасалған, «Kazzinc Holdings» ЖШС пен «Logic Invest Capital» ЖШС, «ДАНА» инвестиция үйі» ЖШС арасындағы сенімді басқару шартының қолдану мерзімін ұзарту туралы.

12. «Құсмұрын-3 көмір тілмесін игеру және қуаты 1320 МВт Торғай ЖЭС салу» жобасы шеңберінде инвестиция алды кезеңін дербес іске асыруды мақұлдау туралы.

13. Астана қаласында (Қазақстан Республикасы) 2015 жылғы 2 желтоқсанда «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ пен "Тау-Кен Самұрық" АҚ арасында жасалған, «Silicon mining» ЖШС жарғылық капиталына 90,1% қатысу үлесін сатып алу-сату шартына № 1 Қосымша келісімді бекіту туралы.

15. "Тау-Кен Самұрық" АҚ Басқарма мүшелерінің қызметін 2015 жылы қызметтің маңызды көрсеткіштеріне қол жеткізу дәрежесі бойынша бағалау.

16. Жаңа редакциядағы «Тау-Кен Самұрық» АҚ корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік аясындағы саясаттын бекіту туралы.

Сонымен бірге, "Тау-Кен Самұрық" АҚ Директорлары кеңесі аталған отырыс аясында, "Тау-Кен Самұрық" АҚ қызметкерлерінің жалпы санын және ұйымдастарушылық құрылымын бекітуге, "Тау-Кен Самұрық" АҚ Басқарма мүшелерін қайта сайлауға, "Тау-Кен Самұрық" АҚ Басқарма мүшелерінің, Корпоративтік хатшының және Ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары сызбасын бекітуге қатысты мәселелерді жаңа редакцияда қарады.

"Тау-Кен Самұрық" АҚ Директорлары кеңесі "Тау-Кен Самұрық" АҚ Ішкі аудит қызметі туралы 2016 жылғы ІІ тоқсандағы есепті қарады және "Тау-Кен Самұрық" АҚ Ішкі аудит қызметінің және оның басшысының 2016 жылғы ІІ тоқсандағы қызметі туралы есепті қарады.

Мұның сыртында, "Тау-Кен Самұрық" АҚ Директорлары кеңесі "Тау-Кен Самұрық" АҚ, «Тау-Кен Алтын» ЖШС жарғысына өзгерістер енгізді.