Зейнуллин Әбдікәрім Әбжәлелұлы

Тәуелсіз директор, Директорлар кеңесінің мүшесі

Директорлар кеңесінің құрамына алғаш сайланған күн: 2021 жылғы 26 тамыз («Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының № 36/21 шешімі).

Азаматтығы – Қазақстан Республикасы.

Туған күні: 1957 жылғы 21 қаңтар.

Білімі:

1979 жылы Алматы қаласындағы Қазақ политехникалық институтының тау-кен факультетін бітірген (Тау-кен инженері);

1985-1989 – Мәскеу тау-кен институтының аспирантурасы, Мәскеу қ., техника ғылымдарының кандидаты.

Ғылыми дәрежесі: 1996 жыл – техника ғылымдарының докторы, 1998 жыл – профессор

Еңбек жолы:

1977-1982 – Шығыс Жезқазған кеніші Жезқазған тау-кен металлургия комбинаты – тау-кен шебері, учаскенің техникалық жетекшісі;

1982-1985 – Қарағанды политехникалық институты (Жезқазған қаласындағы филиалы) – кіші ғылыми қызметкер;

1985-1989 – Мәскеу тау-кен институты – аспирант, кіші ғылыми қызметкер;

1989- 2001 – Ө.А. Байқоңыров ат. Жезқазған университеті – аға оқытушы, доцент, ПҚК жер асты өңдеу кафедрасының меңгерушісі, Жезқазған тау-кен технологиялық институты деканының орынбасары, ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор;

2001-2008 – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі – Ғылым департаменті директорының орынбасары, Ғылым комитетінің Ғылыми-техникалық бағдарламалар басқармасының бастығы;

2008-2014 – «Парасат» ҰҒТХ» АҚ – Жобаларды басқару департаментінің директоры, басқарушы директор, Басқарма мүшесі, Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма төрағасы;

2014-2016 – Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ («Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ» КЕАҚ болып қайта құрылды) – стратегиялық мәселелер жөніндегі проректор;

2016 – осы уақытқа дейін – Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы – Бас ғылыми хатшы, вице-президент.

Компания акцияларын иеленуі: жоқ.

Компанияның өнім берушілері мен бәсекелестерінің акциялары жоқ.