Директорлар кеңесінің төрағасы
Директорлар кеңесінің құрамына алғаш сайланған күн: 2021 жылғы 26 сәуір («Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ы Басқармасының №17/21 шешімі)
Азаматтығы – Қазақстан Республикасы
Туған күні: 15 желтоқсан 1984 жыл
Білімі:
· Манчестер бизнес мектебі, Қаржы және есеп магистрі;
· Манчестер университеті, Ұлыбритания.
Халықаралық кәсіби сертификаттары:
· Басқарушы бухгалтерлер институты (СМА), АҚШ;
· Халықаралық жобаларды басқару қауымдастығы (IPMA), Швейцария;
· Артықшылықты бухгалтерлер қауымдастығы (АССА), Ұлыбритания;
· Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудиторлық лицензиясы бар.
Еңбек қызметі:
Әр жылдары PhilipMorrisKazakhstan, «ЭлитСтрой» ЖШС, PricewaterhouseCoopers халықаралық аудиторлық фирмасында жұмыс істеді. «Самұрық-Қазына» АҚ-ға келгеннен кейін Ішкі аудит қызметінің жұмысына жауап берді, сондай-ақ Қордың Директорлар кеңесі жанындағы Аудит жөніндегі комитет пен Трансформацияны бақылау комитетінің хатшысы міндеттерін атқарды және Қордың бірқатар еншілес ұйымдарының Директорлар кеңесі жанындағы Аудит жөніндегі комитеттердің мүшесі болды. 2016 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ-дақаржылық бақылаушы лауазымына тағайындалды және 2016 жылғы қарашадан бастап Қаржы және операциялар жөніндегі басқарушы директор міндетін атқарды.
2021 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Инвестициялар, жекешелендіру және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарушы директоры.
Қоса атқаратын жұмысы және ДК мүшелігі:
«Самұрық-Қазына» АҚ-ның басқа еншілес ұйымдарының: «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» ЖШС-ы Директорлар кеңесінің/Байқау кеңестерінің құрамына кіреді.
Компания акцияларын иеленуі: жоқ.
Компанияның жеткізушілері мен бәсекелестерінің акциялары жоқ.