Ернат Кұдайбергенұлы Бердіғұлов

Директорлар кеңесінің мүшесі, Жалғыз акционердің өкілі

Директорлар кеңесінің құрамына бірінші сайланған күні: 2021 жылғы 26 сәуір («Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ы Басқармасының №17/21 шешімі)

Азаматтығы – Қазақстан Республикасы

Туған күні: 3 қыркүйек 1987 жыл

Білімі:

* 2015 – 2018, University of Warwick, Бизнесәкімшілендірумагистрі;

* 2011 – 2012, CIMA дипломы: Операциялардың тиімділігін басқару және Бизнестің тиімділігін басқару;

* 2007 – 2010, University of Toronto, Мемлекеттік саясат және халықаралық қатынастар мамандығы (бағыты – Халықаралық экономика);

Еңбек қызметі:

– 2011 жылдың сәуірінен 2012 жылдың желтоқсанына дейін «Самұрық-Қазына» АҚ-ы жоба менеджері, Басқарушылық есептілік жүйесін енгізу жөніндегі жобалық кеңсесі;

2011 жылдың сәуірінен 2012 жылдың желтоқсанына дейін «Самұрық-Қазына» АҚ-ы жоба менеджері, Басқарушылық есептілік жүйесін енгізу жөніндегі жобалық кеңсесі;

– 2013 жылғы қаңтардан 2018 жылғы мамырға дейін «Самұрық-Энерго» АҚ-ы Басқарма төрағасының кеңесшісі (қаржы-экономикалық мәселелер бойынша). Сондай-ақ әр жылдары Аналитикалық қолдау департаментінің директоры, Стратегиялық даму департаментінің директоры, Жобаларды басқару департаментінің директоры болды;

– 2018 жылғы тамыздан 2019 жылғы сәуірге дейін «Самұрық-Қазына» АҚ-ы Активтерді басқару дирекциясының талдаушысы;

– 2019 жылдың мамырынан 2021 жылдың сәуіріне дейін Whiteshield Partners халықаралық консалтингтік компаниясының жобалар жетекшісі (әр жылдары аға талдаушы, кеңесші болған);

– 2021 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін «Самұрық-Қазына» АҚ-ы Стратегия, орнықты даму және цифрлық трансформация жөніндегі тең басқарушы директоры.

Басқа ұйымдардың ДК қызметі және мүшелігі:

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның басқа еншілес ұйымдарының Директорлар кеңестеріне/Байқау кеңестерінекіреді:«Samruk-Kazyna Construction» АҚ, «Біріккен химиялық компания» ЖШС, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС.

Компания акцияларын иеленуі: жоқ.

Компанияның жеткізушілері мен бәсекелестерінің акциялары жоқ.