Мақұлбеков Рүстем Нұрланұлы

Бизнесті дамыту жөніндегі бас директор

Компания жобаларына стратегиялық серіктестерді, инвесторларды тарту бойынша қызметті және Қоғам стратегиясын әзірлеу және орындау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және үйлестіреді. Қоғам активтерін сатып алу және қайта құрылымдау процестерін басқарады. Компанияның корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі қызметті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Сайланған күні: «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 28 қазандағы шешімі, №11/21 хаттама

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Туған күні: 1979 жылғы 27 тамыз

Білімі: «Бизнес басқару» мамандығы бойынша Ұлыбританиядағы APU Cambridge университетін бітірді (2002)

Кәсіби қызметі:

2002 жылдан бастап – «KazTransGaz LNG» ЖАҚ ӨТБ менеджері

2003 жылдан бастап – ӨТБ менеджері, «Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ Газ тасымалдау және маркетинг департаменті директорының орынбасары

2006 жылғы сәуірден маусымға дейін – «Алматы Пауер Консолидейтед» АҚ өткізу жөніндегі атқарушы директоры

2006 жылғы шілдеден 2007 жылғы қазанға дейін – «Алтыналмас» АҚ Даму жөніндегі Вице-президенті

2007 жылғы қазаннан 2010 жылғы тамызға дейін – «Алтын ТЕТ» ЖШС бас директоры

2010 жылғы тамыздан 2010 жылғы қарашаға дейін – «Алматыэнергосбыт» ЖШС Бас директорының перспективалық даму жөніндегі орынбасары

2011 жылдан бастап – «Astana Solar» ЖШС бас директорының коммерция жөніндегі орынбасары

2012 жылдан бастап – «Самұрық-Энерго» АҚ Корпоративтік басқару жөніндегі басқарушы директоры, «СЭС және ЖЭК» дивизионын басқарушы – «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма мүшесі

2015 жылдан бастап – «Astana Solar» ЖШС KAZ PV мәселелері жөніндегі кеңесші

2016 жылғы қаңтардан қазанға дейін – «Қазатомөнеркәсіп» ЖШС Бас директорының активтерді сату жөніндегі орынбасары

2016 жылғы қарашадан бастап – «Үлбі металлургия зауыты» АҚ Аппарат басшысы

2018 жылдан бастап – «Тау-Кен Алтын» ЖШС директоры

Мемлекеттік наградалар:

1. «Ерен еңбегі үшін» медалі (2020 ж.);

2. ІІ дәрежелі «Еңбек Данқы» төсбелгісі (2020 ж.);

3. ІІІ дәрежелі «Еңбек Данқы» төсбелгісі (2019 ж.).

«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ға 2021 жылғы 01 қарашада қабылданды.

Компания акцияларын иеленуі: жоқ

Компанияның өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленуі, үлестес компанияларға тиесілі акциялардың саны мен үлесі: жоқ