Рахимова Әсел Серікқызы

Жобаларды басқару жөніндегі бас директор

Компаниядағы инвестициялық жобаларды іске асыруға және геологиялық барлау және өндіру жобаларын жүзеге асыру, жаңа бөліністерді игеру, өндірістік қуаттар салу есебінен басым қатты пайдалы қазбалар бойынша ресурстық базаны дамытуға жауап береді.

Сайланған күні: «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 28 желтоқсандағы шешімі, №13/21 хаттама

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Туған күні: 1984 жылғы 28 маусым

Білімі:

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, «Кен өндіру кәсіпорындағы экономика және басқару» мамандығы (2002-2007)

University of Birmingham (Бирмингем университеті, Англия,), Бизнес-мектеп, «Экономикадағы магистратура» мамандығы (2009-2010)

Кәсіби қызметі:

2008 – 2009 жылдары – «ҚР Үкіметі мен Ұлттық Банкі жанындағы Ұлттық талдау орталығы» АҚ-да Мемлекеттік басқару департаментінің сарапшы-талдаушысы

2011 – 2021 жылдары – «Самұрық-Энерго» АҚ-да бас менеджер, Жобаларды басқару департаментінің директоры, «Күрделі құрылыс пен жөндеуді басқару» департаментінің директоры

2021 жылғы шілдеден – 2021 жылғы желтоқсанға дейін – «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-да жобалар жөніндегі басқарушы директоры

2021 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-да жобаларды басқару жөніндегі бас директоры

«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ға 2021 жылғы 02 шілдеде қабылданды.

Компанияның акцияларын иеленуі: жоқ

Компанияның өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленуі, үлестес компанияларға тиесілі акциялардың саны мен үлесі: жоқ