Құндызды-Бершоғыр іздеу алаңы Ақтөбе облысының Мұғалжар және Шалқар аудандарында Ембі станциясының т.ж. шығысына қарай 35 км, Юбилейный кенішінен оңтүстік-батысына қарай 15 км жерде орналасқан. Іздестіру-бағалау жұмыстарының ауданы – 304,3 ш. км.

Алаңда бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жұмыстарды қоса алғанда, мыс пен ілеспе компоненттердің кен нышанын зерттеу бойынша іздестіру-бағалау жұмыстары жоспарланып отыр. Құндызды- Бершоғыр іздеу алаңында іздеу-бағалау жұмыстарын жүргізу нәтижесінде өнеркәсіптік кондицияларды бағалау және қорларды есептеу үшін одан әрі жан-жақты жұмыстарды жүргізудің орындылығы туралы қорытынды жасалады.

Іздестіру-бағалау жұмыстарын жүргізудің негізгі мақсаты – мыс-колчедан типті, тіпті алтын-мыс-порфир типті немесе алтын-сульфид типті кен орындарын анықтау.
Жобаның кезеңдері |
Іздестіру кезеңі (2020 – 2022 жж.) |
Бағалау кезеңі (2023 -2025 жж.) |
Р және П сатысы (2025 ж.) |
Құрылысы (2026 – 2027 жж.) |
Ағымдағы мәртебесі
ҚПҚ барлауға лицензия алынды.
ГБЖ жобасы жасалды.
Лицензиялық аумақтың барлық алаңында Жерді қашықтықтан зондтау жұмыстары жүргізілді.
4 түбегейлі учаскелерде жерді геофизикалық зерттеу жұмыстары орындалды.
Барлық 4 түбегейлі учаскелер бойынша геологиялық бағыттар орындалды.
Сынамаларға зертханалық-талдамалық зерттеулер жүргізілді.
Алынған материалдарды камералдық өңдеу нәтижесінде ГБЖ-ның одан арғы көлемі мен түрлері анықталды.
