Директорлар кеңесінің көшпелі отырысы

«Тау-Кен Самұрық» ұлттық компаниясы Директорлар кеңесінің мүшелері Шалқия қорғасын-мырыш тау-кен байыту комбинатының құрылысымен байланысты жұмыстар барысымен танысты. «ШалқияЦинк» басшылығының есебін тыңдаумен шектелмей, Директорлар кеңесінің мүшелері өндірістік бөлшектерді зерттеп, шахтаға түсті. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысын тікелей болашақ ТБК жерінде – Шалқия кентінде өткізді. Көшпелі отырыстар – басқару жүйесін жетілдіру процесінің бір бөлігі. «Тау-Кен Самұрық» корпоративтік басқарудың үздік әлемдік стандарттарына бағдарлануда. «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ («Тау-Кен Самұрық» еншілес компаниясы) «Шалқия» кен орнында полиметалл кендерін барлау мен өндіру құқығын иеленеді. Қорғасын мен мырыштың расталған қорлары 2051 жылға дейін кендерді өндіру мен байыту мүмкіндігін көздеп отыр.