ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» КОМПАНИЯЛАР ТОБЫНЫҢ ЖАС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

2017 жылғы 15 қарашада Астана қаласында, «Самұрық-Қазына» АҚ» жанындағы Жастардың сараптық-консультативтік кеңесі шеңберінде, Қор Басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеев, желілік басшылар мен өндірістік қызметкерлер қатарындағы компаниялар тобының жас қызметкерлерімен кездесті. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ атынан Жобаларды басқару жөніндегі басқарушы директор Рәбиға Омарова, алдын-ала балқыту цехының инженер-технология Айдар Нурланов қатысты және сөз сөйледі.