Ынтымақтастық туралы меморандум

«Taỳ-Ken Samuryq» кәсіпорындары жұмыс істейтін өңірлердің тұрғындары алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті сезінеді. «Taỳ-Ken Samuryq» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Құдайберген атап өткендей, компания әрқашан жергілікті қауымдастықтармен және жергілікті басқару органдарының өкілдерімен өзара әрекеттесуге дайын. Бүгінгі күні Қызылорда облысының әкімдігімен қол қойылған меморандум облыстың экономикалық және әлеуметтік дамуына қатысуға дайын екендігін растайды.

«ШалқияЦинк» АҚ («Taỳ-Ken Samuryq» еншілес ұйымы) бірқатар міндеттемелерді өз мойнына алады, атап айтқанда, Шалқия кентінің электр шаруашылығын жаңғыртуға, саябақ салуға және ауыл тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналуы мүмкін аллея салуға, «Құттықожа» қасиетті бұлақ аумағын абаттандыруға көмектесу.

Сондай-ақ денсаулық сақтау саласына қатысты міндеттемелер де бар – «ШалқияЦинк» аудандық ауруханаға жабдықтар мен дәрі-дәрмек сатып алуға көмектеседі. Дегенмен ұлттық компанияның ең басты міндеті – КБК құрылысы кезеңінде де, пайдалану кезеңінде де жергілікті халықты жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу. Бұдан басқа жергілікті кәсіпорындар мен ұйымдар жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету үшін барынша тартылатын болады. Әкімдік өз тарапынан салынып жатқан КБК үшін еңбек ресурстарын қайта даярлау және оқыту мәселесін шешуге көмектеседі.

Бүгінгі таңда Қызылорда облысында өнеркәсіп өндірісінің төмендеу үрдісі белгілі. «ШалқияЦинк» жаңа ірі кәсіпорнын пайдалануға беру – осы жағдайды өзгертуге көмектеседі және тұтастай алғанда өңірдің бәсекеге қабілеттілік рейтингін арттырады, ал жергілікті тұрғындар үшін «ШалқияЦинк» жұмысқа орналасу тұрғысынан жаңа мүмкіндіктер ашады.