Қарағанды қаласында кремний өндірісін оңалту басталды

2014 жылғы 02 қазанда Қарағанды қаласындағы кремний зауытында №1 рудотермия пеші пайдалануға берілді. Пеш, шихтаны жүктейтін электр тогымен қыздырылады.

Қарағанды қаласындағы металлургия кремнийін өндіру зауытын іске қосу, ұлттық компания ретінде, «Тау-Кен Самұрық» АҚ стратегиялық міндеттерін орындау шеңберінде жүзеге асырылды.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Тау-металлургия саласы, қатты пайдалы қазбалар жөніндегі геология және жер қойнауын пайдалану кеңесінің 2013 жылғы 5 желтоқсандағы отырысында «Тау-Кен Самұрық» АҚ, Қарағанды қаласындағы кремний зауытының өндірістік қуаты аудитін жүргізу және қалпына келтіру мен іске қосу бойынша іс-шаралар әзірлеу тапсырылды.

«Тау-Кен Самұрық» АҚ аталған іс-шараларын іске асыру мақсатында, 100% еншілес компания «Tau-Ken Temir» ЖШС құрылды.

Кремний өндірісінің ұзақ уақыт тоқырауынан кейін «Tau-Ken Temir» ЖШС мамандары, өндіруді қайта бастау үшін қажетті жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын және іске қосу-реттеу шараларын аяқтады.

Рудотермиялық пештің ағын өзегін балқыма қалдықтардан тазарту, пештің электр тізбегін көмір электродына монтаждау, кірпіш футерді жөндеу, пешті автоматты бақылау және берілген параметрлердің басқару жүйесін тексеру мен жөндеу жүргізілді, сондай-ақ пешті көміртекті футерлеу – өртке төзімді көлемді салқындата құрсаулау жұмыстары жүргізілді.

Таяу уақытта метал шығару жоспарланып отыр.

«Tau-Ken Temir» ЖШС өндірісінің тұрақты жұмысы үшін бір мезгілде өндірісті қысқы мезгілде шикізатпен қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар өткізілді.

«Ақтас» кенішінде кварцты қайта өңдеу (ұсақтау, елеу және шаймалау) және оны кеніштен Жезқазған қаласындағы теміржол тұйығындағы сақтау алаңына жеткізу жүзе асырылды. Қазіргі таңда 12 мың тоннадан астам талшықты кварц өңделді және алынды, оның 800 тоннадан астамы теміржол тұйығында жөнелтуге дайын тұр және талшықты кварцттың 4700 тоннасы зауытқа жеткізілді.