Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері

Қазақстанда саяси және макроэкономикалық тұрақтылық, кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету есебінен қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастырылған.  Геологиялық және тау-кен өндіру салаларын дамыту – ел үшін маңызды және басым бағыт болып табылады.

Бұл сала пайдалы қазбалардың негізгі түрлері бойынша әлемде көшбасшы орынға ие, ол мыс, уран, титан, ферроқорытпалар және полиметалдардың әлемдік нарығында ұсынылған, сондай-ақ темір, көмір және алюминийдің өңірлік нарықтарына айтарлықтай әсер етеді.

Жүргізіліп жатқан жүйелі реформалар жер қойнауын пайдалану саласының бәсекеге қабілеттілігін, технологиялық және кәсіби деңгейін арттыруға, инвесторларға  қолайлы жағдай жасауға, жұмыс орындарын құруға және әлеуметтік әл-ауқатты жақсартуға бағытталған.

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 2018 жылғы маусымда күшіне енуі маңызды бастама болды, онда саланы мемлекеттік реттеудің  ашық және қарапайым әдістерін, геологиялық ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету, ұлттық стандарттарды әлемдік стандарттармен үйлестіру бойынша  үздік халықаралық практикалар енгізілген.

Алғаш рет «Бірінші өтінім» қағидаты бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын берудің лицензиялық режимі енгізілді, бұл ретте одан әрі лицензияларға көшу мүмкіндігі бар, Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін алынған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар сақталды. Лицензиялар алу,  олардың қолданылу мерзімі, жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу тәртібі, жер қойнауын пайдаланушының есептілігі мен міндеттемелері бойынша нақты және толық талаптар белгіленген.

Сондай-ақ CRIRSCO (KazRC) тобының пайдалы қазбалар қорлары бойынша есептілік стандарттарының халықаралық жүйесіне көшу қамтамасыз етіліп, қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу бойынша жаңа өндірістерді құруды, жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейтуді немесе жаңғыртуды ынталандыру тетіктері қарастырылды. Жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу кезінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша әлемдік озық практика  енгізілуде және т. б.

Қазақстанның бірегей минералдық-шикізат базасы бар. Ел мырыш, вольфрам және бариттің барланған қорлары бойынша әлемде бірінші орынды, күміс, қорғасын және хромит бойынша екінші, мыс және флюорит бойынша үшінші, молибден бойынша төртінші, алтын бойынша алтыншы орынды иеленеді. Қазақстанның едәуір мұнай-газ ресурстары бар және ол батыс облыстарда шоғырланған мұнайдың расталған қорлары бойынша әлемде 9-шы орынды иеленеді. Сонымен қатар, республика көмір қоры бойынша 8-ші және уран қоры бойынша 2-ші орында. Республиканың негізгі сауда әріптестері -Ресей мен басқа да ТМД елдері, Қытай және Еуропа елдері.

Бүгінгі таңда Қазақстан – тиімді инвестициялар салу үшін жаңа мүмкіндіктер мен зор әлеуеттің көзі болып табылады.

Пайдаланылған ресурстардың тізімі:

Қазақстан Республикасы [Электрондық ресурс] / / «Kazakh Invest» ҰК» АҚ.— URL: https://almaty.invest.gov.kz/ru/about-kazakhstan/info/

Жер қойнауын пайдалану [Электрондық ресурс] / / Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті. — URL: https://www.gov.kz/memleket/entities/comprom/activities/2163?lang=ru