2024 жылы 114 мәселе қаралып, шешімдер қабылданған 17 отырыстың 2-і сырттай нысанда өтті. Отырыстар онлайн/офлайн аралас форматта, 2 отырыс сырттай форматта өткізілді, Директорлар кеңесі мүшелерінің қатысуы сайланған және өкілеттігі тоқтатылған сәттен бастап шамамен 100%-ды құрады.
Директорлар кеңесінің негізгі шешімдерді Компания қызметінің бірқатар негізгі бағыттары бойынша қабылдады:
- «Тау-Кен Самұрық» АҚ Басқармасы мүшелерінің 2024 жылға арналған қызметінің мотивациялық түйінді көрсеткіштерін және олардың мақсатты мәндерін бекіту туралы.
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның 2023 жылғы жылдық қаржылық есептілігін алдын ала бекіту және оны Жалғыз акционердің қарауына және бекітуіне шығару;
- Кадрлық мәселелер, оның ішінде «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның еншілес ұйымдарының Байқау кеңестерінің құрамдарын сайлау;
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның ұйымдық құрылымын бекіту.
Аудит комитеті
Аудит комитеті 2024 жылы 48 мәселе (2023 жылы – 56 мәселе) қаралып, ұсынымдар берілген бетпе-бет нысанда 13 отырыс өткізді.
Ішкі аудит мәселелері, оның ішінде:
- Ішкі аудит қызметінің (бұдан әрі ‒ Қызмет) жылдық және тоқсандық есептері;
- Қызмет жұмыскерлерін жалдау, жұмыстан шығару және сыйлықақы берумен байланысты кадрлық мәселелер;
- атқарушы органға арналған консультациялық тапсырмалар, Қордың және Аудит комитеттің тапсырмалары бойынша жоспардан тыс тексерулер.
Сыртқы аудит мәселелері, оның ішінде:
- Компанияның және оның еншілес ұйымдарының 2023 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілігі аудитінің нәтижелері;
- Тау-Кен Самұрық және оның еншілес ұйымдарының 2023 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілігі аудитінің нәтижелері бойынша басшылыққа хат;
- Компанияның және оның еншілес ұйымдарының 2024 жылғы 1-жартыжылдықтағы және 9 айдағы шоғырландырылған қаржылық есептілігі аудитінің нәтижелері.
Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі:
- тәуекелдер бойынша тоқсандық есептер талқыланды және бағаланды;
- тәуекел-дәреже туралы мәлімдеме, тәуекелдер тізілімі және тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар жоспары, тәуекелдер картасы.
Комплаенс-офицердің қызметін реттейтін:
- Комплаенс-офицердің қызметі бойынша ішкі құжаттарды (ереже, саясат және рәсімдер) қарау;
- комплаенс-офицердің қызметі туралы есептерді мақұлдау мәселелері қаралды.
Тағайындау және сыйақы комитеті
Есепті кезеңде Тағайындау және сыйақы комитеті толық құрамда 63 мәселе (2023 жылы ‒ 65 мәселе) қаралған 14 бетпе-бет отырыс өткізіп, онда ды Директорлар кеңесіне тиісті ұсынымдар берді.
2024 жылы Тағайындау және сыйақы комитеті қараған негізгі мәселелер:
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқарма мүшелігіне кандидаттарды қарау;
- ҚТК-ны орындау негізінде Басқарма мүшелерінің, Ішкі аудит қызметінің, Комплаенс офицерінің, Корпоративтік хатшының қызметін бағалау;
- «Тау-Кен Самұрық» АҚ Басқармасы мүшелері үшін қызметтің мотивациялық түйінді көрсеткіштерін және олардың мақсатты мәндерін қарау.
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның еншілес ұйымдарының Байқау кеңестерінің құрамын өзгерту және сайлау.
- ІНҚ-ны қарау.
Стратегия комитеті
Есепті кезеңде Стратегия комитеті 23 мәселе қаралған 11 бетпе-бет отырыс өткізді (2023 жылы ‒ 36 мәселе).
2024 жыл ішінде Стратегия комитеті Директорлар кеңесіне, оның ішінде:
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» акционерлік қоғамының 2024-2033 жылдарға арналған даму стратегиясын өзектендіру жөніндегі қызметтің негізгі бағыттарын қарау, талқылау;
- Бизнес жоспарлардың орындалуы туралы есеп;
- Инвестициялық жобалар бойынша мәмілелерді мақұлдау мәселелері бойынша тиісті ұсыныстарды берді.