Директорлар кеңесінің тиімділігін жанжақты бағалау процесі аясында «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның Директорлар кеңесі мен оның Комитеттерінің, Төрағасының, Директорлар кеңесі мүшелерінің және Корпоративтік хатшысының қызметін бағалау бойынша 2019-2020 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспары әзірленіп бекітілді.
Бағалауды өткізудің мақсаты Директорлар кеңесінің, оның Комитеттерінің, Төрағасының, Директорлар кеңесі мүшелерінің және Корпоративтік хатшысының қызметінің тиімділік дәрежесін анықтау және жұмыс сапасын арттыру, нәтижесінде Директорлар кеңесінің ұзақ мерзімді құнды өсіруге және Компанияның тұрақты дамуына үлес қосу болып табылады.
«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның Директорлар кеңесі мен оның Комитеттерінің, Төрағасының, Директорлар кеңесі мүшелерінің және Корпоративтік хатшысының қызметін бағалау бойынша 2019-2020 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспары Қор Басқармасының 26.09.2016 ж. №35/16 шешімімен бекітілген дауыс беретін акцияларының елу пайызы «Самұрық-Қазына» АҚ-на тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлғалардағы Корпоративтік басқаруды диагностикалау әдістемесіне сәйкес әзірленді.
Жоспарда бағалау өткізу іс-шаралары, бағалау өткізу тәсілдері мен құралдары, сондай-ақ іс-шараларды орындау мерзімдері қамтылады.