Өндіріс

«Тау-Кен Алтын» ЖШС аффинаж зауыты

Елдің алтын-валюта резервін толықтыру мақсатында барлық алтынды қайта өңдеу үшін номиналды өндірістік қуаты жылына 25 тонна тазартылған алтын және 50 тонна тазартылған күміс бар алтын шикізатын тазарту жөніндегі кәсіпорын салынды, бұл ретте өндірістік және технологиялық әлеуеті жылына 70 тонна алтын және 400 тонна күміс шығару үшін жеткілікті.

«Тау-Кен Алтын» аффинаж зауыты 2013 жылдың қараша айында пайдалануға берілді, ол құрамында алтыны бар шикізатты (катодты және шайма алтын, зергерлік және техникалық сынықтар, ең аз 10% алтын бар Доре қорытпасы) қайта өңдеу бойынша қызметті жүзеге асырады.

Тазартылған алтынды сатып алуға басым құқық шеңберінде түпкілікті өнім бірінші кезекте алтын-валюта резервін толықтыру үшін ҚР Ұлттық Банкіне өткізіледі.

Зауыт индустриялық парк – «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында орналасқан.

Зауыттың өндірістік және инженерлік-техникалық персоналы бағалы металдарды байыту және тазарту саласында мол тәжірибесі бар білікті кадрлармен жасақталған, сондай-ақ Италия мен Ресей кәсіпорындарында практикалық оқытудан өткен. Қазіргі уақытта зауытта 75 адам жұмыс істейді.

Зауыт өнімдері:

  • сапасы 99,99%, стандартты құймалар түріндегі, салмағы 12 кг тазартылған алтын, салмағы 100 грамм, 250 грамм, 500 грамм, 1 000 грамм өлшемді құймалар, түйіршіктер;
  • сапасы 99,99%, стандартты құймалар түріндегі, салмағы 30 кг тазартылған күміс, салмағы 100 грамм, 250 грамм, 500 грамм, 1 000 грамм өлшемді құймалар, түйіршіктер.

Зауыт технологиясы әлемдік көшбасшылардан кем түспейтін қымбат металдарды тазартудың халықаралық инновациялық әдістеріне сәйкес әзірленген.

Тазарту технологиясын таңдағанда, іріктеудің негізгі өлшемшарттарының бірі пайдаланылатын процестердің экологиялылығы болды. Осыған сәйкес технологиялық процесте қолданылатын жабдықпен бірге абсолютті экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қымбат металдарды тазартудың электрохимиялық әдісінің технологиясы таңдалды.

2015 жылы зауыттың технологиялық желісі алтын-күмістен жасалған күмісті вакуумдық дистилляция процесін қамтамасыз ететін ең жаңа ACIDLESS SEPARATION инновациялық қондырғысымен толықтырылды. Технологиялық процесс бірқатар маңызды міндеттерді шешуге мүмкіндік береді және алтын-күміс қорытпасын өңдеудің жоғары жылдамдығы, қымбат металдарды жоғарғы алу есебінен қол жеткізілетін экономикалық артықшылыққа ие.

2017 жылы алтынды гидрометаллургиялық тұндыру жабдығын енгізу аяқталды, ол алтынды қайта өңдеу үшін шикізат номенклатурасын кеңейтуге мүмкіндік береді, сондай-ақ өндірілетін өнімнің бір бөлігінің өзіндік құнын төмендетуге ықпалын тигізді. Бұл жабдық катодты алтын, дайындалған электронды сынықтар, баланстан тыс қалдықтар сияқты шикізаттың қосымша түрлерін өңдеуге мүмкіндік берді.

Зауытты одан әрі дамыту неғұрлым жоғары бөліністегі өнімдерді өндіруді, атап айтқанда, зергерлік және техникалық өнеркәсіп үшін дайындамаларды жасауды, сондай-ақ инвестициялық алтын ретінде халыққа өткізу үшін өлшемді құймаларды (1-ден 100 гр-ға дейін) дайындауды көздейді. Осы мақсатта зауытты жобалау кезінде одан әрі перспективалық даму үшін алаңдар қарастырылған болатын.

2019 жылдың 19 қыркүйегінде «Тау-Кен Алтын» ЖШС Good Delivery сертификатын алды. Сондай-ақ 2019 жылы 25 тонна көлемінде алтын тазарту өндірісінің жобалық қуатының жоспарланған деңгейіне шығу жүзеге асырылды.

2022 жылға келесі іс-шараларды өткізу жоспарланып отыр:

  1. «Тау-Кен Алтын» ЖШС-ның тазарту өндірісін дамыту стратегиясын әзірлеу;
  2. ҒЗТКЖ нәтижелерін ескере отырып, қатты өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу технологиясын әзірлеу;
  3. ҒЗТКЖ нәтижелерін ескере отырып, бағалы металдарды алу үшін автомобиль катализаторлары мен электрондық сынықтарды қайта өңдеу технологиясын әзірлеу.

«Тау-Кен Алтын» ЖШС-ның тазартылған алтын мен күміс өндірісі:

Дайын өнім2014-2020 факт2014 факт2015 факт2016 факт2017 факт2018 факт2019 факт2020 факт2021 факт2022 факт
Алтын, т131,86,310,112,018,022,729,233,551,155,6
Күміс,т42,82,33,814,66,17,09,06,46,9

«Tau-Ken Temir» ЖШС кремний зауыты

Тоқтап тұрған өндірісті жандандыру және қайта іске қосу мақсатында ҚР Президенті жанындағы Тау-кен металлургия қызметі жөніндегі кеңестің 2013 жылғы 5 желтоқсандағы шешіміне сәйкес «Taý-Ken Samuryq» UTK» АҚ дайындық жұмыстары және «Қарағанды облысында металлургиялық кремний өндіру зауытын іске қосу» инвестициялық-стратегиялық жобасын іске асыру операторы болып тағайындалды. Осы жобаны іске асыру үшін «Taý-Ken Samuryq» UTK» АҚ-ның 100% еншілес ұйымы болатын «Tau-Ken Temir» ЖШС құрылды.

Зауыттың сипаттамасы:

Зауыттың жобалық қуаты – жылына 24 мың тонна техникалық кремний.

Зауыт SMS SIEMAG неміс компаниясының жабдықтарымен жарақталған, әрқайсысының өнімділігі 12 мың тонна кремний болатын екі кен қыздыру пеші (КҚП) орнатылған.

Қазақстанда техникалық кремний өндірісі өнеркәсіптің жаңа саласы, оның игеріліп жатқанына көп болған жоқ. Қазіргі уақытта «Tau-Ken Temir» ЖШС Қазақстандағы техникалық кремнийдің жалғыз өндірушісі. Негізгі шикізат, кварц «Silicon Mining» ЖШС-ға (Қоғамның еншілес кәсіпорны) тиесілі Қарағанды облысының «Ақтас» кен орнынан жеткізіледі.

2014 жылдың қыркүйегінде № 1 кен қыздыру пеші ұзақ уақыт тұрып қалғаннан кейін пайдалануға берілді.

2015 жылдың қыркүйегінде пештің ваннасын толығымен қайта қаптағаннан кейін № 2 кен қыздыру пеші пайдалануға берілді. 

2016-2017 жылдары өндірістік жабдықтар мен арнайы техниканы сатып алу және жаңғырту үшін Серіктестіктің инвестициялық бағдарламасының 2-кезеңі іске асырылды.

Сонымен қатар 2019 жылдан бастап нарықта дайын өнім бағасының төмендеуі байқалды, осыған байланысты «Taý-Ken Samuryq» UTK» АҚ Басқармасы өндірісті консервациялауды, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, өндірістік кешен мүлкінің сақталуын ескере отырып, штат санын оңтайландыруды жүргізе отырып, кремний зауытының өндірістік қызметін тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.

Қазіргі уақытта «Taý-Ken Samuryq» UTK» АҚ жобаға инвесторлар тарту жұмысын белсендіріп отыр, сондай-ақ өндірісті іске қосуға қаражат ұсыну бойынша қаржы институттарымен белсенді келіссөздер жүргізіп жатыр.

«Silicon Mining» ЖШС-ның Қарағанды облысындағы Ақтас кен орнында талшықты кварцты өндіруі

«Silicon mining» ЖШС 2008 жылғы 22 желтоқсанда «Tau-Ken Temir» ЖШС кремний зауыты үшін талшықты кварц-шикізатты өндіру мен өңдеуді ұйымдастыру үшін құрылды.

2016 жылғы 9 желтоқсанда жарғылық капитал үлесінің 90,1%-ын «Taý-Ken Samuryq» UTK» АҚ сатып алды.  2018 жылғы 31 қаңтарда «Taý-Ken Samuryq» UTK» АҚ-ның пайдасына «Silicon mining» ЖШС-ның жарғылық капиталындағы 9,9% қатысу үлесін сатып алуға рұқсат алынды.

2008 жылғы 09 қазандағы № 2810 жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт. Өндіру мерзімі – 25 жыл (2033 жылға дейін).

Ақтас кварц кен орны Қарағанды облысының Ұлытау ауданында Жезқазған қаласынан солтүстік-батысқа қарай 130 км, Ақтас кентінен 1,5-2,0 км жерде орналасқан.

Тау-кен кәсіпорнын электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін кен орнына 110 және 35 кВ ЭБЖ жүргізілді.

Кен орнының қорлары 2019 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша төмендегі кестеде көрсетілген келесі көлемдерде бағаланады.

Сонымен қатар 2019 жылдан бастап нарықта кремний бағасының төмендеуі байқалды, осыған байланысты «Taý-Ken Samuryq» UTK» АҚ Басқармасы өндірісті консервациялауды, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, өндіру кешені мүлкінің сақталуын ескере отырып, штат санын оңтайландыруды жүргізе отырып, Ақтас кен орнының өндірістік қызметін тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.

Қазіргі уақытта «Taý-Ken Samuryq» UTK» АҚ жобаға инвесторлар тарту жұмысын белсендірді, сондай-ақ өндірісті іске қосуға қаражат ұсыну бойынша қаржы институттарымен белсенді келіссөздер жүргізіп жатыр.

«Алайғыр» БК» ЖШС

«Қарағанды облысындағы Алайғыр кен орнында полиметалл кенін өндіру және қайта өңдеу» жобасын іске асыру мақсатында 2011 жылғы
20 қазанда «Алайғыр» бірлескен кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылды.

Алайғыр кен орны Қарағанды облысында, Қарқаралы және Шет аудандарының шекарасында, Қарағанды қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 130 км жерде орналасқан. Оңтүстік-батысқа қарай 60 км жерде Шет ауданының әкімшілік орталығы – Ақсу-Аюлы кенті орналасқан.

Өнімділігі жылына 900 мың тонна кен болатын Алайғыр кен орнының полиметалл кенін өндіру және қайта өңдеу жөніндегі тау-кен байыту комбинатын салудың және пайдалануға берудің өнеркәсіпті дамыту және жалпы өңірдің әлеуметтік-экономикалық прогресі үшін стратегиялық маңызы зор.

Осы жобаны іске асыру мақсатында келесі объектілер салынды және пайдалануға берілді: «Ақшатау» ҚС, 110 кВ жоғарывольтты желі (ұзындығы 143 км), ұңғымалар (3 дана), Қамқор бөлімшесінен Алайғыр кен орнына дейінгі автожол, байыту фабрикасының қаңқасы, флотоконцентрат қоймасы бар теміржол тұйығы, өндірістік-әкімшілік ғимарат.

5 млн. м3 астам көлемде тау-кен дайындық жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі уақытта Жобаның негізгі көрсеткіштерін өзектендіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Байыту фабрикасын, қалдық қоймасын және инфрақұрылым объектілерін, оның ішінде ЖЖМ қоймасын, су құбыры мен кәріз жүйесін, вахталық кентті салу бойынша жұмыстарды орындау жоспарлануда.

Объект пайдалануға берілгеннен кейін объектіде 500-ден астам жұмыс орны ашылады. Негізінен жергілікті халықты тарта отырып, оларды оқытуды ұйымдастыру және кейіннен кәсіпорынға жұмысқа орналастыру жоспарлануда.

«Солтүстік Қатпар» ЖШС

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің негізгі қызметі Солтүстік Қатпар және Жоғарғы Қайрақты кен орындарында вольфрам-молибден кенін бірлесіп барлау және өндіру болып табылады.

  • Солтүстік Қатпар кен орны бойынша, геологиялық барлау жұмыстарының (ГБЖ) қорытындысы бойынша JORC Кодексі бойынша минералдық ресурстарды бағалау және Қор жөніндегі мемлекеттік (ҚМК) комиссия бойынша қорларды қайта бағалау аяқталды, ТМК жобалауға технологиялық регламент әзірленді, кеніш құрылысы инвестицияларының алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді. Қазіргі таңда Солтүстік Қатпар кен орны үшін тау-кен байыту комбинатын салу инвестицияларының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
  • Жоғарғы Қайрақты кен орны бойынша ГБЖ қорытындысы бойынша JORC Кодексі бойынша минералдық ресурстарды бағалау аяқталды, ҚМК бойынша қорларды қайта бағалау жұмыстары жүргізілуде. JORC (2012) кодексінің стандарттары бойынша Жоғарғы Қайрақты кен орнының қорларын бағалауды қамтитын Feasibility Study есебін әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«ШалқияЦинк ЛТД» АҚ

«ШалқияЦинк ЛТД» АҚ – барлауға және өндіруге құқығы бар тау-кен компаниясы, «Шалқия» кен орнында полиметалл кенін өндіруді жүргізуге арналған жер қойнауын пайдалану келісімшартына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қызылорда облысындағы «Шалқия» кен орнының №1-8 ұңғымалары учаскелерінде жерасты суларын өндіруді жүргізуге арналған келісімшартқа ие.

Шалқия кен орнындағы мырыштың жалпы қоры BrookHunt зерттеу компаниясының деректері бойынша (2006 жылғы қарашадағы есеп) Қазақстан Республикасының барлық қорларының 30%-дан астамын құрайды және JORC жіктемесі бойынша 6,5 млн.тонна мырыштың дәлелденген және ықтимал қоры бар, көлемі бойынша әлемде 5-ші кен орны болып табылады.

«Шалқия» қорғасын-мырыш кен орны 1963 жылы ашылды. Кен орнын зерттеу бір жылдан кейін басталып, келесі қырық жыл ішінде мезгіл-мезгіл жаңартылып отырды. 80-ші жылдардың ортасынан бастап 2008 жылға дейін кен орнында кен өндіру жүргізілді, бірақ металдарға әлемдік бағаның күрт өсуіне байланысты кеніш жұмыс істеп тұрған уақыт бойы өндіру тұрақты болған жоқ, ал жұмыс бірнеше рет тоқтатылды.

Бір кездері кен орнын кеңейтуге үлкен үміт артылды: үш шахта салу жоспарланған болатын, өкінішке орай, олар жабдықталмады.

2008 жылы жобаның дамуына әлемдік қаржы дағдарысы кедергі келтірді және құрылыс кейінге қалдырылды.

Соған қарамастан, «Шалқия» кен орнында өндірісті кеңейту және қайта өңдеу зауытын салу бойынша жоспарлар құрылды. Осы мақсатпен 2016 жылы кен орнындағы қорларды растау үшін зерттеулер жүргізілді:

Micon International компаниясы «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ үшін JORC кодексінің (2012) нормативтеріне сәйкес «Шалқия» қорғасын-мырыш кен орнының минералдық ресурстарын бағалауды орындады. Сонымен қатар «Шалқия» қорғасын-мырыш кен орны қорларын бағалау» техникалық ілеспе есебі дайындалды.

«ШалқияЦинк ЛТД» АҚ «Шалқия» кен орнының қорғасын-мырыш кенін қайта өңдеу мақсатында қуаты жылына 4 млн. тонна байыту фабрикасының технологиялық регламентін әзірлеу үшін Engineering Dobersek неміс компаниясын жалдады. Регламент Ресейдің, жақын және алыс шетелдердің әртүрлі ұйымдары жүргізген көптеген зерттеулерді, сондай-ақ «MMG Century» австралиялық байыту фабрикасындағы кенді өнеркәсіптік қайта өңдеу практикасын ескере отырып, Engineering Dobersek компаниясы орындаған соңғы зерттеулер негізінде әзірленді.

2020 жылдың басында «Taý-Ken Samrýk» ұлттық тау-кен компаниясының басшылығымен жоғары кәсіби инженер-құрылысшылар, геологтар, шахта құрылысшылары, технологтар, IT және басқа да бейінді мамандар қатарынан жобалық топ құрылды.

Жобаны іске асырудың жаңа стратегиясы қабылданды, атап айтқанда, жобалау мен құрылыстың іске асырылу барысына талдау жүргізілді, жобаны іске асырудың сапасы мен мерзіміне әсер ететін проблемалық мәселелер айқындалды. Жобалық топ командасының күрделі дайындық жұмыстарының арқасында 2020 жылдың мамыр айында «Шалқия» кен орнында байыту фабрикасын жобалау, сондай-ақ «Шалқия» жобасының тау-кен бөлігі бойынша құжаттаманы түзету басталды.

«Шалқия» кен орнындағы байыту фабрикасының тауарлық өнімдері:

– КС-7 маркасына сәйкес келетін флотациялық қорғасын концентраты;

– КЦ-4 маркасына сәйкес келетін флотациялық мырыш концентраты.

Полиметалл кенін қайта өңдеу жөніндегі байыту фабрикасында технологиялық процесті тұрақты жүргізу, өндірістің талап етілетін көрсеткіштеріне қол жеткізу және қоршаған ортаға ең аз әсер ету үшін заманауи, автоматтандыру дәрежесі жоғары ең жақсы технологиялық жабдықты пайдалану жоспарлануда.

Байыту процесі келесі кезеңдерді қамтиды:

– жақты және конусты ұсатқыштардағы ірі, орташа, ұсақ ұсақтау және жоғары қысымды ұнтақтаушы білікшелердегі (ЖҚҰБ) майда ұсақтау);

– ұсақтау;

– қорғасын мен мырыштың селективті флотациясы;

– негізгі мырыш флотациясы концентратын майда ұсақтау

– сусыздандыру.

Ұсақтау және ұнтақтау процестері пайдалы минералдар ашылғанға дейін бөлшектердің талап етілетін мөлшеріне жету үшін қолданылады, бұл фактор кейінгі флотация процесі үшін өте маңызды.

Минералдар бетінің физика-химиялық қасиеттерінің айырмашылығына негізделген флотациялық процесс. Бағалы минералдарды бос жыныстың минералдарынан бөлу үшін флотациялық байыту кезінде флотациялық реагенттер деп аталатын химиялық заттар қолданылады, олардың көмегімен процестің физика-химиялық реакциялары реттеледі. Қорғасын-мырыш кендерін тікелей селективті флотациялау үшін қолданылатын флотациялық реагенттердің ассортименті дәстүрлі.

Кенді өңдеудің жобалық схемасы байытудың үш өнімін алуға мүмкіндік береді:

– қорғасын концентраты;

– мырыш концентраты;

– флотация қалдықтары.

Екі концентрат сусыздандыру кезеңінен өтеді. Қорғасын және мырыш концентраттары қойылтылғаннан және оңтайлы ылғалдылыққа дейін сүзілгеннен кейін биг-бэгиге немесе вагондарға үйіп, кейіннен тұтынушыға тасымалдау үшін буып-түйіледі. Сусыздандырусыз флотация қалдықтары одан әрі жинап қою үшін қалдық қоймасына жіберіледі.

Қазіргі таңда тау-кен байыту комбинатын жылына 4 млн. тонна кен өңдейтін өндірістік қуатымен жобалау аясында автоматтандырудың жоғары деңгейін (ТПБАЖ деңгейі), BIM модельдерін (CAD-деңгейі) құруды көздейтін жобаны цифрландыру процесі қаралуда, ERP жүйесіне көшумен MES-деңгейі пысықталуда. Инновациялар мен процестерді цифрландыру Қазақстанның өнеркәсіптік секторын дамытуда маңызды рөл атқарады және өндіріс сапасын жақсартуға және тәуекелдерді азайтуға әсер етеді.