Медиация

 «Медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) реттеу рәсімі»,Медиация туралы ҚР Заңы.  

Медиатор — медиацияны кәсіби негізде немесе қоғамдық негізде жүргізу үшін тартылатын тәуелсіз жеке тұлға.

Медиацияны қолданудың ең көп тараған саласы – жеке және заңды тұлғалардың, әкімшілік органдар мен лауазымды тұлғалардың қатысуымен азаматтық, еңбек, отбасылық, әкімшілік құқықтық қатынастардан туындайтын даулар (жанжалдар). 

Медиацияның мақсаттары: Медиация тараптарын ұйымдастыратын дауды (жанжалды) шешу нұсқасына қол жеткізу, сондай-ақ Тараптардың жанжал деңгейін төмендету.

Медиация қағидаттары:

1) еріктілік

2) медиация тараптарының теңдігі

3) медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптығы

4) медиация рәсіміне араласуға жол берілмейді

5) құпиялылық

2022 жылы Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығы «Самұрық-Қазына» АҚ медиаторларының ішкі пулы» жобасы аясында портфельдік компаниялардың жүзден астам қызметкерін оқытуды ұйымдастырды.