Жұмыскерлердің денсаулығын қорғау және өндірістегі қауіпсіздік Қоғамның басты басымдығы. Біз қауіпсіздікті басқару саласындағы ең жоғары стандарттарға ұмтыламыз және өндірісте «Vision Zero» нөлдік жарақаттану тұжырымдамасын қабылдадық.
Қоғам «Самұрық-Қазына» АҚ өндірістік қауіпсіздікті басқару жүйесін дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған стратегиясының» талаптарын іске асыруға ұмтылады. Осы Стратегияның белгіленген нысаналы мәндеріне қол жеткізу үшін Қоғам мынадай бағыттарда жұмыс істейді:
- Адамдар және қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыру;
- Технологиялық жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
- Төтенше жағдайлардың алдын алу;
- Ақпараттық-түсіндіру жұмысы.
Қоғам жұмыс алаңдарын қоса алғанда, Тапсырыс берушінің (Қоғамның) аумағында мердігерлер мен қосалқы мердігерлердің өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау нормаларын сақтауы бөлігінде олардың қызметін бақылауды жүзеге асырады. Бұл жұмыс Мердігерлік, еншілес және тәуелді ұйымдарды басқару стандарттарымен регламенттеледі.
Өндірістік қатынастарды дамыту, жұмыс орнында зорлық-зомбылықтың барлық нысандарына (физикалық, экономикалық, психоэмоционалдық) қолайлы еңбек жағдайлары мен нөлдік төзімділікті қолдау, ішкі коммуникацияларды дамыту және мердігерлік ұйымдармен тиімді өзара іс-қимыл жасау мақсатында Өндірістік қатынастарды дамыту жөніндегі стандарттар (Industrial Relasions) енгізілді. Сондай-ақ Қоғамның және еншілес ұйымдардың өндірістік объектілерінде қауіпсіздіктің мінез-құлық аудитін жүргізу жөніндегі стандарттар қолданылады.
«Тау-Кен Самрук» ҰТК» АҚ-ның еншілес ұйымдарында өндірістік қауіпсіздік жүйесін жетілдіру
«ШалқияЦинк ЛТД» АҚ кенішіне енгізілетін персоналды авария туралы хабардар ету, орналастыру мен іздеу қауіпсіздігінің көпфункционалды жүйесі (ҚКЖ)
ҚКЖ-тың негізгі міндеті ‒ жерасты жұмысы жағдайында жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын сенімді қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ «Шалқия» кенішінің штаттық режимде жұмыс істеуін қолдау.

ҚКЖ-ның мүмкіндіктері:
- ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ ЖӘНЕ ҮЙІНДІЛЕРДІҢ АСТЫНДАҒЫ АДАМДАРДЫ ІЗДЕУ
Төтенше жағдай кезінде әрбір жұмыскер жеке құрылғыға сигнал алады
- ПЕРСОНАЛДЫ ЖӘНЕ ЖЕРАСТЫ КӨЛІГІН ОРНАЛАСТЫРУ
Нақты уақыт режимінде қауіпсіздікті бақылау, шахтаға кірген кезде персоналды автоматты тіркеу және шахтадан шыққан кезде тіркеуді алып тастау, әртүрлі учаскелердегі адамдардың санын жедел бақылау мүмкіндігі, адамдар мен техниканың маршруттарын жедел қадағалау.
- БІРІКТІРІЛГЕН ДИСПЕТЧЕРЛІК БАҚЫЛАУ
Диспетчердің автоматтандырылған жұмыс орны барлық жүйелердің жағдайы мен жұмысын бақылауға, деректерді талдауға және төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге, оқиғалар туралы есептерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
- ЖҰМЫС УАҚЫТЫН ЕСЕПКЕ АЛУ
Табельдік қызметтің автоматтандырылған жұмыс орны жұмыс уақытын бақылауды, ауысым кестелері мен кестелерін қалыптастыруды, персоналдың қол жетімділігін бақылау және есепке алу жүйесімен интеграциялауды қамтамасыз етеді.
Жүйе деректерді кемінде 90 күн бойында сақтауды қамтамасыз етеді.
«Тау-Кен Самрук» ҰТК» АҚ-ның еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясатын іске асыру шеңберінде 2021 жылдан бастап «Тау-Кен Алтын» ЖШС-да «Қауіпсіз өндіріс – ASPANS» ақпараттық жүйесі енгізілді.

Енгізудің мақсаты — еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасының тиімді әрі интеграцияланған жүйесін құру, өндірістік тәуекелдерді азайту және өндірісті ұйымдастыру деңгейін арттыру.
ASPANS ‒ өндірістік қауіпсіздіктің негізгі процестерін автоматтандыруды қамтамасыз ететін әмбебап цифрлық платформа. Ол:
- сәйкессіздіктер мен ақауларды тіркеуді;
- өндірістік бақылау және нұсқамаларды есепке алуды;
- персоналды оқытуды, аттестаттауды және медициналық тексеруден өткізуді бақылауды;
- жабдықтарды техникалық куәландыру мен сараптауды бақылауды;
- наряд-рұқсаттар мен жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ) электронды есепке алуды;
- экологиялық аспектілерді және жұмыскерлердің ұсыныстарын есепке алуды;
- сыртқы ақпараттық жүйелермен интеграциялауды қамтиды
«Тау-Кен Алтын» ЖШС-нде ASPANS жүйесін енгізу нәтижесінде келесі тиімділіктерге қол жеткізілді:
- қауіпсіздік мәдениеті мен персоналдың тартылу деңгейі артты;
- өндірістік тәуекелдер мен апаттылық деңгейі төмендеді;
- қағазбастылық пен еңбек шығындары қысқарды;
- өзекті деректер негізінде басқарушылық шешімдер қабылдау мүмкіндігі туды;
- өндірістің тоқтап қалуына байланысты қаржылық шығындар азайды.
Бүгінде ASPANS жүйесі «ШалкияЦинк ЛТД» АҚ-та да енгізілуде.
«ТАУ-КЕН САМҰРЫҚ» ҰТК» АҚ-НЫҢ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТЫ
«ТАУ-КЕН САМҰРЫҚ» ҰТК АҚ ӨНДІРІСТІК ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША ЖАС МАМАНДАР ОРТАЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ