Инвесторлармен жұмыс

«Тау-Кен Самұрық» ҰТК АҚ қатты пайдалы қазбаларды барлау, өндіру және қайта өңдеу жобаларын Серіктеспен бірлесіп іске асыру мүмкіндігін қарауға әзір.

Қоғамның жобалары бойынша тізбе және қысқаша ақпарат. Төменде көрсетілген байланыстармен бірлесіп іске асыратын жобалардың актуалды тізбесін пысықтау қажет.

Серіктеспен өзара іс-қимыл процесі

  • Қоғам атына әлеуетті Серіктес еркін үлгіде қағаздай және электронды жеткізушімен өтінімді (жоба бойынша мүмкін болатын өзара іс-қимылдың негізгі шарттарымен қажетті ақпараттарды сұратып, таңдалған жобаны (-ларды) бірлесіп іске асыруға мүдделілікті көрсетіп) және Құжаттар пакетін жолдайды.
  • Құпиялылық туралы келісімге қол қою
  • Қажет болған жағдайда Қоғам әлеуетті серіктеске геологиялық ақпараттарды ашу және ұсыну жөніндегі рұқсатқа қатысты Құзыретті мемлекеттік органға өтінім жолдайды.
  • Одан әрі бірлесіп әрекет ету үшін әлеуетті серіктес Корпоративтік қаржы департаментімен байланысуы тиіс.

Юниорлық бағдарлама туралы қысқаша ақпарат

Әсел Қыдырбекова

тел. +7(7172) 55 27 85               a.kydyrbekova@tks.kz

Серіктестіктің ықтимал сызбасы

Ескертпе: Серіктестік сызбасы түпкілікті болып табылмайды, келіссөздер барысында, содай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда өзгертілуі мүмкін.

Әлеуетті әріптестермен Құпиялылық туралы келісім (NDA) жасауға қажетті құжаттардың тізбесі:

1.Жарғы;

2.Құрылтайшылық шарты;

3.Мемлекеттік тіркелуі/қайта тіркелуі туралы куәлік/анықтама;

4.Қол қоюшы өкілеттігін растайтын құжат.

Әлеуетті әріптестермен заңды түрде міндеттейтін Келісімдер жасауға қажетті құжаттардың тізбесі:

1.Әлеуетті әріптестің алдыңғы 3 жылға арналған (аудиторлық есебінің көшірмесі) қаржылық есептілігі (баланс, пайда және шығындар туралы есеп, ақша қаражатының қозғалысы, жеке капиталының өзгерісі);

2.Соттың істі қарауы туралы деректер (қолданылатын болса);

3.Тиісті салық органының салықтық берешегінің жоқтығы немесе болуы туралы анықтамасы;

4.Әлеуетті әріптестің бенефициарлық иелері туралы ақпарат;

5.Әлеуетті әріптестің таныстыруы.