2025 жылғы 17 қаңтарда «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесінің сырттай отырысы өтіп, оның аясында келесі мәселе қаралды:
- Қаратас-1 перспективалы учаскесінде және Қарағанды облысындағы жақын маңдағы учаскелерде мыс пен ілеспе компоненттерді іздеу жөніндегі жобаны мақұлдау туралы.
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның ақпараттық саясатына толықтыру енгізу туралы.
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның 2025 жылға арналған шоғырландырылған тіркелімі мен тәуекелдер картасын бекіту туралы.
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның Ішкі аудит қызметі жұмысының және оның басшысының түйінді көрсеткіштерін қарау.
- 2025 жылға арналған «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның Комплаенс-офицерінің жылдық жұмыс жоспары мен мақсаттар картасын қарау және бекіту.
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның Комплаенс-офицерінің 2024 жылғы 4-тоқсандағы қызметі мен сыйақысы туралы есепті қарау.
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесінің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның Корпоративтік хатшысының 2025 жылға арналған мақсаттарын бекіту туралы.
2025 жылғы 27 қаңтарда «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесінің сырттай отырысы өтіп, оның аясында келесі мәселе қаралды:
- «Ақмолит» ЖШС, «Топаз-НС» ЖШС, «Мархит» ЖШС-ны «Самұрық-Қазына» АҚ-дан «Тау-Кен Самұрық» АҚ-қа беру үшін «Тау-Кен Самұрық» АҚ-ның жарияланған акцияларын орналастыру туралы.
2025 жылғы 21 ақпанда «Тау-Кен Самұрық» АҚ Директорлар кеңесінің бетпе-бет отырысы өтіп, оның аясында келесі мәселелер қаралды:
- Қарағанды облысындағы Жосабай кен орнында алтын мен ілеспе компоненттерді іздеу жобасын мақұлдау туралы.
- ESG-дың кейбір мәселелері туралы.
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның 2024 жылғы 2-жартыжылдықтағы ақпаратты ашу процестерінің ашықтығы мен тиімділігі туралы есепті қарау туралы.
- «Тау-Кен Самұрық» АҚ-ның 2024 жылғы 4-тоқсандағы және 2024 жылдың қорытындысы бойынша тәуекелдер жөніндегі шоғырландырылған есебін бекіту туралы.
- «Тау-Кен Самұрық» АҚ-ның Ішкі аудит қызметінің жұмысы туралы және Ішкі аудит қызметі басшысының 2024 жылғы 4-тоқсандағы және 2024 жылғы жұмысын бағалау туралы есепті қарау.
- «Тау-Кен Самұрық» АҚ-ның Ішкі аудит қызметінің 2025 жылға арналған жылдық аудиторлық жоспарына өзгерістер енгізу туралы.
- «Ақмолит» ЖШС-ның директорының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және тағайындау туралы.
- «Мархит» ЖШС, «Топаз» ЖШС-ның директоры М.А. Дербісалиевті жаңа мерзімге тағайындау туралы.
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның Ішкі аудит қызметінің басшысы Гүлжан Оңғарқызы Дауылбаеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның корпоративтік хатшысының 2024 жылғы 2-тоқсандағы және 2024 жылғы есебін қарау және қызметін бағалау.
2025 жылғы 27 наурызда «Тау-Кен Самұрық» АҚ Директорлар кеңесінің бетпе-бет отырысы өтіп, оның аясында келесі мәселелер қаралды:
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның 2024 жылғы жылдық қаржылық есептілігін (шоғырландырылған және жеке) алдын ала бекіту туралы.
- 2024 жылдың 12 айында «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның бизнес-жоспарының (даму жоспарының) орындалуы туралы 2024-2028 жылдарға арналған есепті қарау туралы.
- Жасалуында «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның мүдделілігі бар құқықтарды (талаптарды) беру жөніндегі шарттар бойынша міндеттемелердегі тұлғаларды ауыстыру туралы келісімді және мәмілені жасасу туралы.
- «Тау-Кен Алтын» ЖШС-ның Байқау кеңесінің құрамын қарау туралы.
- Жасалуында тараптардың мүдделілігі бар ірі мәмілені жасасу туралы.
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Бизнесті дамыту жөніндегі бас директорын — Басқарма мүшесін сайлау туралы.
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ және оның еншілес ұйымдарында үшінші тұлғаларды комплаенс тексеру қағидаларын бекіту туралы.
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК « АҚ Директорлар кеңесінің 2024 жылғы есебін бекіту туралы.
- Корпоративтік басқару кодексінің қағидаттары мен ережелерін сақтау/сақтамау туралы 2024 жылғы есепті қарау туралы.
2025 жылғы 29 сәуірде «Тау-Кен Самұрық» АҚ Директорлар кеңесінің бетпе-бет отырысы өтіп, оның аясында келесі мәселелер қаралды:
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқарма мүшелерінің 2024 жылғы қызметінің түйінді көрсеткіштері негізінде жұмысын бағалау.
- Еншілес ұйымдардың Байқау кеңестерінің/Директорлар кеңестерінің кейбір мәселелері туралы.
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның тәуекелдер жөніндегі 2025 жылғы 1-тоқсандағы есебін бекіту туралы.
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның 2025-2026 жылдарға арналған СЕО, СЕО-1 деңгейінің бассейндік менеджменті (негізгі басқару және басқару лауазымдары) мен СEO-2 функционалдық пулының (қабылдағыш функциясы аясындағы негізгі лауазымдар) сабақтастық жоспарын бекіту туралы.
- «Тау-Кен Самұрық» АҚ-ның Ішкі аудит қызметінің және оның басшысының 2024 жылғы 1-тоқсандағы есебін қарау және жұмысын бағалау.
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның Ішкі аудит қызметінің кейбір мәселелері туралы.
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның Комплаенс офицерінің 2025 жылғы 1 тоқсандағы қызметі мен сыйақысы туралы есепті қарау туралы.
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның корпоративтік хатшысының 2025 жылғы 1-тоқсандағы есебін қарау және қызметін бағалау.
2025 жылғы 20 мамырда «Тау-Кен Самұрық» АҚ Директорлар кеңесінің бетпе-бет отырысы өтіп, оның аясында келесі мәселелер қаралды:
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның 2025-2029 жылдарға арналған бизнес-жоспарын (даму жоспарын) түзетуді қарау туралы.
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның 2024 жылғы таза кірісін бөлу тәртібі мен 2024 жылғы бір жай акцияға есептегендегі дивиденттің мөлшері туралы.
- «RussellBedfordА+Partners» халықаралық аудиторлық компаниясы» ЖШС-ны «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның 2025, 2026, 2027, 2028, 2029 жылдарға арналған қаржылық есептілігіне аудит жүргізетін аудиторлық ұйым ретінде анықтау және аудиторлық ұйымның қызметтеріне ақы төлеу мөлшерін мақұлдау туралы.
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Өндіріс жөніндегі бас директор – Басқарма мүшесінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.
2025 жылғы 13 маусымда «Тау-Кен Самұрық» АҚ Директорлар кеңесінің бетпе-бет отырысы өтіп, оның аясында келесі мәселелер қаралды:
- «Silicon mining» ЖШС активтерінің теңгерімдік құнының жалпы мөлшерінің 51%-дан асатын мәмілені мақұлдау мәселесі бойынша «Silicon mining» ЖШС қатысушысы ретінде шешім қабылдау мақсатында «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның ұстанымын айқындау туралы.
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ға тиесілі «Алайғыр» БК» ЖШС-ға қатысу үлесінің 100%-ын бәсекелес ортаға беру тәсілін, үлесін, бастапқы/ең төменгі бағасын және шарттарын бекіту туралы.
2025 жылғы 24 шілдеде «Тау-Кен Самұрық» АҚ Директорлар кеңесінің бетпе-бет отырысы өтіп, оның аясында келесі мәселелер қаралды:
- «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары тобының құрамынан шығарылуға жататын «Тау-Кен Самұрық» АҚ-ның 2023-2032 жылдарға арналған стратегиялық емес активтерінің тізбесін жаңа редакцияда бекіту туралы.
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның 2024 жылғы жылдық есебін бекіту туралы.
- «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамының 2024 жылға арналған 2024-2033 жылдарға арналған даму стратегиясын іске асыру жөніндегі есебін қарау туралы.
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның 2025 жылғы 3-тоқсандағы 2024-2028 жылдарға арналған бизнес-жоспарының (даму жоспарының) орындалуы туралы есебін қарау туралы.
- Ішкі аудит қызметінің аға аудиторы А.Б. Бакееваны жаңа мерзімге тағайындау туралы.
- «Тау-Кен Самұрық» АҚ-ның Ішкі аудит қызметінің 2025 жылға арналған жылдық аудиторлық жоспарына өзгерістер енгізу туралы.
- «Тау-Кен Самұрық» АҚ-ның Ішкі аудит қызметінің жұмысы туралы және Ішкі аудит қызметі басшысының 2025 жылғы 2-тоқсандағы жұмысын бағалау туралы есепті қарау.
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның Комплаенс-офицерінің 2025 жылғы 2-тоқсандағы қызметі мен сыйақысы туралы есепті қарау.
- Қарағанды облысындағы Құйрықтыкөл кен орнында сирек және сирек жер элементтерін іздеу жөніндегі жобаны мақұлдау туралы.
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесі комитеттерінің құрамына өзгерістер енгізу туралы.
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның корпоративтік хатшысының 2025 жылғы 2-тоқсандағы есебін қарау және қызметін бағалау.
- «Тау-Кен Алтын» ЖШС Байқау кеңестері мен «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның еншілес ұйымдарының Директорлар кеңестерінің қызметінің кейбір мәселелері туралы.