2023 жылғы шешімдері

2023 жылғы 03 ақпанда «Taý-Ken Samuryq» UTK» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы шеңберінде мынадай мәселелер қаралды:
  1. D MINERAL VE MADENCILIK A.Ş. (LFP) мен геологиялық барлау жобасын бірлесіп іске асыруды мақұлдау туралы.
  2. «ШалкияЦинк» ЛТД» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы туралы.
  3. 2022 жылғы 12 айдағы «Taý-Ken Samuryq» UTK» АҚ инвестициялық жобаларының іске асырылуын мониторингілеу бойынша жиынтық есепті қарау.
  4. «Taý-Ken Samuryq» UTK» АҚ және оның басшысының 2022 жылғы 4 тоқсандағы қызметі туралы есепті және ішкі аудит қызметінің қызметін бағалау туралы есепті қарау.
  5. Кредиттік тәуекелдерді басқару жөніндегі «Taý-Ken Samuryq» UTK» АҚ ережесіне өзгерістерді бекіту туралы.
2023 жылғы 24 ақпанда «Taý-Ken Samuryq» UTK» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өтті, оның шеңберінде мынадай мәселелер қаралды:
  1. Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін 2023 жылға қаржыландыру бөлуді мақұлдау және «Алайғыр» БК» ЖШС жарғылық капиталына Берқара және Самомбет кен орындары бойынша ҚПҚ барлауға лицензиялар беру жөнінде Қарағанды облысындағы Берқара перспективалы кен орнында және Самомбет кен алаңында Металдарды бағалау бойынша инвестициялық меморандумды түзету.
  2. 2023 жылғы 4-тоқсанда РТП-2 және 2027 жылы РТП-1-ді іске қосуды және 2023 жылы «Silicon Mining» ЖШС жұмысын қайта бастауды көздейтін «Tau-Ken Temir» ЖШС-ның Қарағанды облысында металлургиялық кремний өндіретін зауытты қайта кезең-кезеңімен іске қосу туралы.
  3. 2022 жылғы корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы жөніндегі есепті қарау туралы.
  4. 2022 жылға тұрақты дамуды енгізу жөніндегі «Taý-Ken Samuryq» UTK» АҚ іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есепті қарау туралы.
  5. 2022 жылғы II жартыжылдықтағы «Taý-Ken Samuryq» UTK» АҚ-ның Ақпаратты ашу үдерістерінің ашықтығы мен тиімділігі жөніндегі есебін қарау.
  6. «Taý-Ken Samuryq» UTK» АҚ және оның басшысының 2022 жылғы қызметі туралы есепті және Ішкі аудит қызметінің қызметін бағалау туралы есепті қарау.
  7. 2022 жылғы 4-тоқсандағы «Taý-Ken Samuryq» UTK» АҚ-ның Тәуекелдер жөніндегі есебін қарау туралы.
  8. «Taý-Ken Samuryq» UTK» АҚ-ның 2022 жылғы кадр саясатын іске асыру жөніндегі есебін бекіту туралы.
  9. «Taý-Ken Samuryq» UTK» АҚ Корпоративтік хатшысының есебін және 2022 жылғы 4-тоқсанның қорытындысы бойынша қызметті бағалауды қарау.
  10. «Taý-Ken Samuryq» UTK» АҚ Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің, Директорлар кеңесінің төрағасы мен мүшелерінің, Корпоративтік хатшысының қызметін бағалау нәтижелері бойынша есепті қарау туралы.
  2023 жылғы 15 наурызда «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесінің бетпе-бет отырысы өтті, оның шеңберінде мынадай мәселелер қаралды:
  1. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның ұйымдық құрылымын жаңа редакцияда бекіту туралы.
  2. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқармасының кейбір мәселелері туралы.
2023 жылғы 30 наурызда «ТауКен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесінің бетпе-бет отырысы өтті, оның шеңберінде мынадай мәселелер қаралды:
  1. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның 2022 жылғы жылдық қаржылық есептілігін алдын ала бекіту және оны жалғыз акционердің қарауына және бекітуіне шығару.
  2. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ 2022-2026 жылдарға арналған 2022 жылдың 12 айындағы Бизнес-жоспарының (даму жоспарының) орындалуы туралы есепті қарау.
  3. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Ішкі аудит қызметінің басшысы бос лауазымға кандидатураны қарау туралы.
  4. Мұхаммедали Әбдісаттарұлы Дербісалиевті «Акмолит» ЖШС, «Топаз-НС» ЖШС, «Мархит» ЖШС директоры етіп тағайындау туралы.
  5. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Комплаенс-офицерінің 2022 жылғы 4-тоқсандағы қызметі мен сыйақысы туралы есепті қарау.
  6. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ және оның еншілес ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
  7. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ контрагенттерді комплаенс-тексеру жөніндегі нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
  8. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесінің 2022 жылғы жылдық есебін қарау.
  9. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесінде түпкілікті позицияны ала отырып, «Масальский горно-обогатительный комбинат» ЖШС бас директоры Елена Александровна Фесактың өкілеттігін тоқтатуды мақұлдау туралы.
  10. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқарма мүшесі – Жобаларды басқару жөніндегі бас директордың өкілеттігін тоқтату туралы.
  11. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқарма мүшелерін сайлау туралы.
  12. «Kazzinc Holdings» ЖШС Директорлар кеңесінің құрамына кандидатураларды келісу туралы.
2023 жылғы 21 сәуірде «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесінің сырттай отырысы өтті, оның шеңберінде мынадай мәселелер қаралды:
  1. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқарма төрағасы мен мүшелерінің лауазымдарының сипаттамаларын, лауазымдарын (грейдтерін) бағалауды бекіту туралы.
2023 жылғы 02 мамырда «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесінің бетпе-бет отырысы өтті, оның шеңберінде мынадай мәселелер қаралды:
  1. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқармасының сандық құрамы мен өкілеттік мерзімін айқындау туралы.
  2. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқарма төрағасы мен мүшелерінің лауазымдық айлықақыларының схемасын бекіту туралы.
  3. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ аға аудиторы Әсел Мұқаррамқызы Қабылбекованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.
  4. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесіне есеп беретін басшы жұмыскерлер мен жұмыскерлерге еңбекақы төлеу және сыйлықақы беру қағидаларын жаңа редакцияда бекіту туралы.
  5.  «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның инвестициялық жобаларының іске асырылу мониторингі бойынша 2023 жылғы 1-тоқсандағы жиынтық есепті қарау.
  6. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ және оның басшысының 2023 жылғы 1 тоқсандағы қызметі туралы есепті және ішкі аудит қызметінің жұмысын бағалау туралы есепті қарау.
  7. Консультациялық қызметтердің баптары арасында консультациялық қызметтерге бекітілген лимит ішінде (класс ішінде) бюджетті қайта бөлу туралы.
  8. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның 2023 жылғы 1-тоқсандағы корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы жөніндегі есепті қарау туралы.
  9. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның еншілес және тәуелді ұйымдарының Байқау кеңестерінің/Директорлар кеңесінің құрамдарын қарау және «Altyntay Kokshetau» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына кандидатураларды келісу туралы.
  10. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесі комитеттерінің құрамына дауыс беру құқығынсыз сарапшыны қосу туралы.
  11. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқарма мүшелерін сайлау туралы.
2023 жылғы 31 мамырда «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесінің бетпе-бет отырысы өтті, оның шеңберінде мынадай мәселелер қаралды:
  1. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның 2023 жылдың 3 айындағы 2023-2027 жылдарға арналған бизнес-жоспарының (даму жоспарының) орындалуы туралы есебін қарау.
  2. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Ішкі аудит қызметінің 2023 жылға арналған жылдық аудиторлық жоспарына өзгерістер енгізу.
  3. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқарма мүшелерінің 2022 жылғы жұмысын қызметтің негізгі көрсеткіштерін орындау негізінде бағалау.
  4. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның Алаяқтық және жымқыру тәуекелін басқару жөніндегі саясатын жоюға шығару туралы.
  5. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесіне есеп беретін жұмыскерлердің қызметін бағалау қағидаларын бекіту туралы.
  6. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесіне есеп беретін жұмыскерлердің лауазымдық айлықақыларының схемасын бекіту туралы.
  7. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның 2022 жылғы кадр саясатын іске асыру жөніндегі есебін бекіту туралы.
  8. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Комплаенс-офицері туралы ережені жаңа редакцияда бекіту туралы.
  9. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Комплаенс-офицерінің 2023 жылғы 1-тоқсандағы қызметі мен сыйақысы туралы есепті қарау.
  10. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің 2023 жылға арналған біліктілігін арттыру жоспарын қарау туралы.
  11. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Корпоративтік хатшысының есебін және 2023 жылғы 1-тоқсанның қорытындысы бойынша қызметті бағалауды қарау.
  12. Экономика және қаржы жөніндегі бас директор – «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқарма мүшесін сайлау туралы.
  13. Ішкі аудит қызметінің кадрлық мәселелері туралы.
2023 жылғы 30 маусымда «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесінің бетпе-бет отырысы өтті, оның шеңберінде мынадай мәселелер қаралды:
  1. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның ұйымдық құрылымын жаңа редакцияда бекіту туралы.
  2. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқармасының өкілеттік мерзімін айқындау туралы.
  3. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқарма төрағасы мен мүшелерінің лауазымдарының сипаттамаларын, лауазымдарын (грейдтерін) бағалауды бекіту туралы.
  4. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқарма төрағасы мен мүшелерінің лауазымдық айлықақыларының схемасын бекіту туралы.
  5. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқарма мүшелерін сайлау туралы.
  6. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның 2022 жылғы жылдық есебін қарау туралы.
  7. 2025 жылы «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ ESG рейтингін алу жөніндегі іс-шаралардың жол картасын қарау туралы.
  8. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ 2023 жылғы 1-тоқсандағы тәуекелдер жөніндегі есебін бекіту туралы.
  9. «Kazzinc Holdings» ЖШС және «Altyntau Kokshetau» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына кандидатураны келісу туралы.
  10. «Discovery Ventures Kazakhstan Ltd» жеке компаниясының мүдделерін білдіретін бірлескен кәсіпорындардың екінші директоры ретінде уәкілеттік берілген адамды тағайындау туралы.
2023 жылғы 28 шілдеде «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесінің бетпе-бет отырысы өтті, оның шеңберінде мынадай мәселелер қаралды:
  1. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның 2023 жылғы 6 айдағы инвестициялық жобаларының іске асырылу мониторингі бойынша жиынтық есепті қарау.
  2. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ және оның басшысының 2023 жылғы 2-тоқсандағы қызметі туралы есепті және ішкі аудит қызметінің жұмысын бағалау туралы есепті қарау.
  3.  «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Комплаенс-офицерінің 2023 жылғы 2-тоқсандағы қызметі мен сыйақысы туралы есепті қарау.
  4.  «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның 2023 жылғы I жартыжылдықтағы ақпаратты ашу үдерістерінің ашықтығы мен тиімділігі жөніндегі есепті қарау.
  5. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ еншілес ұйымдарының байқау кеңестерінің құрамдарын қарау туралы.
  6. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ және оның еншілес компанияларының геологиялық барлау жобаларын басқару жөніндегі регламентіне өзгерістер енгізу туралы.
  7.  «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Корпоративтік хатшысының кейбір мәселелері туралы.
  8. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесі комитеттерінің құрамына өзгерістер енгізу туралы.
2023 жылғы 25 тамызда «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесінің бетпе-бет отырысы өтті, оның шеңберінде мынадай мәселелер қаралды:
  1. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқарма мүшелері үшін қызметтің мотивациялық негізгі көрсеткіштерін және олардың 2023 жылға арналған нысаналы мәндерін жаңа редакцияда бекіту туралы.
  2. 2023 жылғы 2-тоқсандағы корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы жөніндегі есепті қарау туралы.
  3. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның 2023 жылғы 1-жартыжылдықта орнықты дамуды енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есепті бекіту туралы.
  4. «СаусУрал Ресорсиз» ЖШС қатысушыларының жалпы жиналысының құзыретіне жататын қызмет мәселелері бойынша «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның «СаусУрал Ресорсиз» ЖШС қатысушысы ретіндегі ұстанымын айқындау және шешім қабылдау мақсатында «СаусУрал Ресорсиз» ЖШС-ның бас директорын тағайындауды мақұлдау туралы.
  5. «TKS Geology» ЖШС-ны тарату мәселесі бойынша «TKS Geology» ЖШС қатысушысы ретінде «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ позициясын айқындау туралы.
  6. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның 2023 жылға арналған контрагент-банктерге баланстық және баланстан тыс міндеттемелер бойынша ішкі лимиттерін бекіту туралы.
  7. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның 2023 жылғы 2-тоқсандағы тәуекелдер жөніндегі есебін бекіту туралы.
  8. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның 2023-2027 жылдарға арналған Бизнес-жоспарының (даму жоспарының) орындалуы туралы есепті 2023 жылдың 6 айында қарау.
2023 жылғы 11 қазанда «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесінің бетпе-бет отырысы өткізіліп, оның аясында келесі сұрақтар қарастырылды:
  1. 2024-2028 жылдарға арналған «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ қызметтің  стратегиялық түйінді көрсеткіштерінің тізбесін және есептеу әдістемесін бекіту туралы.
  2. «Қазгеология» ҰБК» АҚ Директорлар кеңесінің сандық құрамын анықтау туралы.
  3. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Ішкі аудит қызметінің  және оның басшысының 2023 жылғы 3-тоқсандағы Қызметі туралы есепті және Қызметін бағалау туралы есепті қарау.
  4. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Ішкі аудит қызметінің 2023 жылға арналған жылдық аудиторлық жоспарына өзгерістер енгізу туралы.
  5. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Комплаенс-офицерінің 2023 жылғы 3-тоқсандағы қызметі мен сыйақысы туралы есепті қарау.
  6. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ 2023 жылға арналған банк-контрагенттерге теңгерімдік және теңгерімнен тыс қосымша ішкі лимиттерді бекіту туралы.
  7. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ 2023-2024 жылдарға арналған СЕО, СЕО-1 деңгейдегі түйінді лауазымдарға сабақтастық жоспарын бекіту туралы.
  8. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеге өзгерістер енгізу мәселесін қарау туралы
  9. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің сабақтастық жоспарын қарау туралы.
  10. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Корпоративтік хатшысының есебін қару және 2023 жылғы 3-тоқсандағы қызметін бағалау.
2023 жылғы 24 қазанда «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесінің сырттай отырысы өткізіліп, оның аясында келесі мәселелер бойынша шешімдер қабылданды:
  1. 2. 2023 жылғы 3-тоқсандағы корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы жөніндегі есепті қарау туралы.
  2. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің, төрағасының, Директорлар кеңесі мүшелерінің және Корпоративтік хатшысының қызметін бағалауды жүргізу бойынша 2023 жылғы іс-шаралар жоспарын бекіту туралы.
  3. Басшылық тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесіне талдау жүргізу жөніндегі рәсімді бекіту туралы.
2023 жылғы 30 қарашада оның аясында келесі мәселелер қаралған «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесінің бетпе-бет отырысы өтті:
  1. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның 2024-2028 жылдарға арналған Бизнес-жоспарын (Даму жоспарын) бекіту туралы.
  2. 2023 жылдың 9 айы үшін «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның 2023-2027 жылдарға арналған Бизнес-жоспарын (Даму жоспарын) орындалуы туралы есепті қарау туралы
  3. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ пен Cove Capital LLC арасындағы Міндеттейтін шарттар туралы келісімге (Binding Terms Sheet) қол қоюды мақұлдау туралы
  4. АХҚО юрисдикциясында ұйымдық-құқықтық нысандағы (Ltd) заңды тұлғаны құру және «Қазгеология» АҚ жер қойнауын пайдалану құқығының 25% үлесін беру мәселесін мақұлдау туралы.
  5. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның меншікті қаражатын қолдануды қарастыратын Қарағанды облысының Ордабасы перспективалы алаңындағы мысты және ілеспе қоспаларды іздеу жобасын қарастыру туралы.
  6. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның меншікті қаражатын қолдануды қарастыратын Ұлытау облысының Терісаққан перспективалы учаскесіндегі мысты және ілеспе қоспаларды іздеу жобасын қарастыру туралы.
  7. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ пен оның еншілес компанияларындағы геологиялық барлау жобаларын басқару жөніндегі регламентке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
  8. «Қазгеология» акционерлік қоғамының атқарушы органының кейбір мәселелері туралы.
  9. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның 2023 жылғы 3-тоқсандағы тәуекелдер жөніндегі есебін бекіту туралы
  10. 2023 жылдың 9 айы үшін  «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның инвестициялық жобаларын іске асыру бойынша жиынтық есепті қарау.
  11. 2032 жылға дейін «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары тобының құрылымынан шығарылуы тиіс «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның стратегиялық емес активтерінің тізбесін бекіту туралы.
2023 жылғы 15 желтоқсанда оның аясында келесі мәселелер қаралған «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесінің бетпе-бет отырысы өтті:
  1. Besshoky Ltd-ның жарғылық капиталындағы «Қазгеология» АҚ-ның 100% қатысу үлесін «Ulmus Besshoky» АҚ пайдасына иеліктен шығаруды мақұлдау туралы.
2023 жылғы 29 желтоқсанда «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесінің бетпе-бет отырысы өтті, оның шеңберінде мынадай мәселелер қаралды:
  1. «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамының 2024-2033 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы.
  2. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқарма мүшелері үшін 2024 жылға арналған қызметтің уәждемелік түйінді көрсеткіштерін және олардың нысаналы мәндерін бекіту туралы.
  3. «Тау-Кен Самұрық» ұлттық компаниясы» АҚ-ның еншілес ұйымдарының Байқау кеңестерінің/Директорлар кеңесінің құрамын қарау туралы.
  4. «Қазгеология» АҚ бұрғылау бөлімшесін сату жөніндегі іс-шаралар жоспарын қарау туралы.
  5. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ 2024 жылға арналған шоғырландырылған Тіркелімді және  Тәуекелдер картасын бекіту туралы.
  6. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Ішкі аудит қызметінің 2024 жылға арналған жылдық аудиторлық жоспарын қарау.
  7. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Ішкі аудит қызметінің және оның басшысының 2024 жылға арналған түйінді көрсеткіштерін қарау.