«Taý-Ken Samuryq» UTK» АҚ-дағы корпоративтік басқару жүйесі тиісті басқару мен бақылауды, сондай-ақ атқарушы орган, Директорлар кеңесі, Жалғыз акционер («Самұрық-Қазына» АҚ) мен стейкхолдерлер арасындағы өзара қарым-қатынас жүйесін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіндей етіп құрылған. Корпоративтік басқару жүйесі ұзақ мерзімді құнды өсіруге және орнықты дамуға бағытталған. Корпоративтік басқарудың негізі – тиімділік, жеделдік және ашықтық. Корпоративтік басқару құрылымымен толығырақ Корпоративтік басқару – Құрылым бөлімінде танысуға болады.
«Taý-Ken Samuryq» АҚ-ның Жалғыз акционері «Самұрық-Қазына» АҚ болып табылады.
Компанияның қызметіне жалпы басшылықты Директорлар кеңесі жүзеге асырады, тәуелсіз директорлар институттары мен Директорлар кеңесінің комитеттері белсенді жұмыс істейді.
Компанияда корпоративтік хатшы, Ішкі аудит қызметі, комплаенс-офицер мен Омбудсмен жұмыс атқарады.
Басқарма алқалы атқарушы орган болып табылады. Компанияның ұйымдық құрылымымен толығырақ Компания – Ұйымдық құрылым бөлімінде танысуға болады.
2025 жылы «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ корпоративтік басқарудың кешенді тәуелсіз диагностикасын жүргізді.
Бағалау жүргізу үшін қарастырылған рәсімдердің қорытындысы бойынша тәуелсіз кеңесші ретінде «PricewaterhouseCoopers» ЖШС компаниясы анықталды. Диагностика «Самұрық-Қазына» АҚ-ның әдіснамасына сәйкес жүзеге асырылды.
Корпоративтік басқарудың алдыңғы тәуелсіз диагностикасы 2021 жылы жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша рейтинг «BB» болды.
«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның ішкі процестерінің ашықтығын, тиімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып, корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жүйелі және дәйекті түрде іске асырады.
Диагностиканың нәтижелері бойынша 2025 жылы «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның Корпоративтік басқару рейтингі 2023 жылғы 1 қаңтар – 2025 жылғы 31 мамыр кезеңінде жоғарылап, «BBB»-ны құрады.
Директорлар кеңесі мен атқарушы органның жұмысында, сондай-ақ ашықтық, ақпаратты ашу, орнықты даму және акционердің құқықтарын сақтау процестерінде жақсартуға қол жеткізілді.