Жекешелендіру және активтерді шығару

САУДА-САТТЫҚ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

«Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі − Тау-Кен Самұрық) Тау-Кен Самұрыққа тиесілі «Топаз-НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі − Актив) жарғылық капиталына қатысу үлесінің 100%-ын сату бойынша электрондық аукцион (бұдан әрі — Аукцион) тәсілімен сауда-саттықты өткізу туралы хабарлайды. Электрондық аукцион E-qazyna мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында (https://e — qazyna.kz/) 2025 жылғы 5 қарашада сағат 10:00-де (Астана қаласы уақыты бойынша) басталады.

Аукцион активтің жарғылық капиталына қатысу үлесінің 100%-ын сатып алу-сату шартын (бұдан әрі – Мәміле) жасасу үшін жеңімпазды айқындау мақсатында өткізіледі.

Аукционның шарттары және Аукционға қатысу үшін тіркеу тәртібі бойынша ақпарат E-qazyna мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында (https://e- qazyna.kz/) мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықты өткізу регламентімен айқындалады және Тау-Кен Самұрық веб-сайтында (https://tks.kz/) қол жетімді.

Активтің қысқаша сипаттамасы:

Орналасқан жері: Шашубай кенті, Ақтоғай ауданы, Қарағанды облысы. Балқаш қаласынан 5 км, Балқаш көлінен 400 м қашықтықта орналасқан.

Активтің аумағында жалпы ауданы 742 мың шаршы метрді құрайтын Балқаш байыту фабрикасы (ББФ) орналасқан.

Байыту кешеніне:

  • Байыту фабрикасы;
  • Зертханалық-талдау кешені;
  • Қалдық қоймасы;
  • Жөндеу және механикалық шеберхана;
  • Жанар-жағармай материалдарының қоймасы;
  • Гараж және автотұрақ;
  • Негізгі трансформаторлық қосалқы станция;
  • ЭБЖ;
  • Сорғы станциясы;
  • Су құбыры желісі кіреді.

ББФ-да негізгі жабдықтардан: диірмендер, ұсатқыштар, флотомашиналар бар.

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты: мүліктік кешенге қызмет көрсету (қонақ үй кешені, химия зертханасы, эксперименттік-зерттеу зертханасы, Балқаш байыту фабрикасы).

Балқаш көліне жақындығы жер учаскесін сатып алушының қалауы бойынша қонақ үй кешені, шипажай демалыс базасы, балалар лагері үшін де пайдалануға болады.

 

САУДА-САТТЫҚ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

 «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Салалық компания») 2025 жылғы 27 қыркүйекте жарияланған Салалық компанияға тиесілі «Алайғыр» бірлескен кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – «Актив») жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 51% — дан 100%-на дейін өткізу бойынша ашық екі кезеңдік конкурс (бұдан әрі – «Конкурс») тәсілімен сауда-саттық өткізу туралы хабарламасына (бұдан әрі – «Бастапқы хабарлама») өзгерістер енгізілетіні туралы хабарлайды. Осы хабарламада пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар олардың Бастапқы хабарламада берген мағынасына ие. Бастапқы хабарламаға келесі өзгерістер енгізіледі:

  • Бастапқы хабарламадағы талаптарға сәйкес жасалған Конкурстық өтінімдерді қабылдау Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 17/10 мекенжайы бойынша 2025 жылғы 10 қарашаның (қоса алғанда) Астана қаласы уақыты бойынша сағат 10:00-ге дейін жүзеге асырылады.

Осы хабарлама орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде жасалды. Қарама қайшылықтар туындаған жағдайда хабарламаның орыс тіліндегі нұсқасы басым күшке ие.

Конкурсты өткізу туралы қосымша ақпаратты келесі байланыстар бойынша сұрау салу арқылы алуға болады:

Мадина Сарсекеева, тел.: +7 (775) 857 71 35, E-mail: msarsekeyeva@kpmg.com және Жанна Бабхоева, тел.: +7 (775) 869 30 09, E-mail: zbabkhoyeva@kpmg.kz

Конкурстық құжаттама «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ сайтында келесі сілтеме бойынша орналастырылған:

https://tks.kz/ru/privatizacia/

 


САУДА-САТТЫҚ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

«Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Салалық компания») Салалық компанияға тиесілі «Алайғыр» бірлескен кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – «Актив») жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 51% — дан 100%-на дейін өткізу бойынша ашық екі кезеңдік конкурс (бұдан әрі – «Конкурс») тәсілімен сауда-саттық өткізу туралы хабарлайды (бұдан әрі – «Мәміле»). Конкурс Қазақстан Республикасы, Астана қ., Сығанақ к-сі, 17/10 мекенжайы бойынша 27 қыркүйек 2025 ж. 09:00-де (Астана қ. уақыты бойынша) басталады.

Тендерлік құжаттама>>