Ақпараттық саясат

«Taý-Ken Samuryq» UTK» АҚ (бұдан әрі – Компания) корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарын ұстануға әзір екенін растай отырып, ақпараттық ашықтық және айқындық қағидаттарын ұстанады. Ақпаратты ашудың мақсаты – қызметтің тиімділігін арттыру, Компания мен мүдделі тұлғалар арасындағы сенімді нығайту, Компанияның инвестициялық тартымдылығын құру және арттыру мақсатында мүдделі тұлғалардың Компания туралы шынайы және толық ақпарат алу қажеттіліктерін барынша толық қанағаттандыру.

Ақпаратты ашу қағидаттары

  1. Дәйектілік – мүдделі тұлғаларға Компанияға белгілі фактілерді бұрмаламай ақпарат беру;
  2. Толықтық – шындыққа сәйкес келетін және мүдделі тұлғаларға түсінікті болатын толық ақпарат беру;
  3. Жеделділік – Компанияның қаржы-шаруашылық қызметіне ықпал ете алатын, сондай-ақ мүдделі тұлғалардың мүдделерін қозғайтын елеулі оқиғалар мен фактілер туралы мүдделі тұлғаларды хабардар етудің барынша қысқа мерзімдерін қамтамасыз ету;
  4. Жүйелілік – мүдделі тұлғаларға қолданыстағы заңнамамен және ішкі актілермен белгіленген мерзімдерге сәйкес Компания туралы ақпаратты тұрақты және жүйелі түрде ұсыну;
  5. Ақпараттың құпиялылығын сақтау – Компанияның қолданыстағы заңнамасымен және шарттарымен қорғалатын коммерциялық, қызметтік және өзге құпияның сақталуын қамтамасыз ету;
  6. Қолжетімділік – Компанияның ауыртпалық түсірмейтін және ең аз шығынды нысанда еркін ақпарат алуды көздейтін Компания туралы ақпаратты тарату тәсілдерін пайдалануы;
  7. Тең құқылық – Қазақстан Республикасының заңнамасында және Компанияның ішкі құжаттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мүдделі тұлғалардың ақпарат алуда тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету.

Мүдделі тұлғалар Қоғам қызметіне әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, жеке немесе заңды тұлғалар топтары. Мүдделі тұлғалардың негізгі өкілдері: Жалғыз акционер, инвесторлар, клиенттер, өнім берушілер, кредиторлар, жұмыскерлер, мемлекеттік органдар, еншілес ұйымдар, қоғамдық ұйымдар, Қоғам қызметі жүзеге асырылатын өңірлердің тұрғындары және т.б.