​«ҚАЗЦИНК» ЖШС БАСҚАРУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША GLENCORE XSTRATA PLC КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ АЙВАН ГЛАЗЕНБЕРГПЕН ІСКЕРЛІК КЕЗДЕСУ ТУРАЛЫ

2014 жылғы12 маусымда «Қазцинк» ЖШС ірі қатысушыларының екі жақты іскерлік кездесуі болып өтті. Қазақстандық тарапты «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ө.Е.Шөкеев, «Тау-Кен Самұрық» АҚ Басқарма төрағасы М.Ә.Тұрмағамбетов ұсынды, шетел тарпынан Glencore Xstrata plc компаниясының Басқарма төрағасы Айван Глазенберг, «Казцинк» компаниясының Басқарма төрағасы Никола Попович қатысты. Тараптар KazzincHoldings» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін бірлесіп құруды басқаруда екі жақты өзара әрекеттестіктің тиімділігі деңгейін арттыруға тілектестік білдірді. Кездесу барысында тараптар келіссөздердің, «Қазцинк» ЖШС қатысу үлесін басқару бөлігінде қол жеткен оң нәтижелерді атап өтті.

Қысқаша анықтама: «Тау-Кен Самұрық» АҚ «Қазцинк» ЖШС ірі қатысу үлесін бақылайтын иегеріGlencore Xstrata plc (жанама қатысушы) бірлесіп, 2014 жылғы 9 маусымда «KazzincHoldings» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін ұйымдастырды.

«KazzincHoldings» ЖШС қатысу үлесі қатысушылар арасында былайша бөлінді: «Тау-Кен Самұрық» АҚ (29,9687 %), Pasar Holdings IncorporatedAG (24,4345 %), Kazasturzinc AG (45,5968).

«KazzincHoldings» ЖШС құрудың мақсаты, «Қазцинк» ЖШС және басқа да компанияларға қатысу үлесін сенімді басқару, жаңа операциялық компанияларды және басқаларды құру үшін жаңа активтерді іздестіру және зерттеу болып табылады.

«KazzincHoldings» ЖШС құру, «Қазцинк» ЖШС қызметін бірлесіп басқару тетігін әзірлеу жөніндегі ұзақ келіссөздердің нәтижесі болып табылды.

«Қазцинк» ЖШС, Қазақстан Республикасының, мырыш пен алтынды қоса алғанда, түсті металдар қатарын өнеркәсіптік өндіру саласындағы бірден бір жүйе құрушы актив болып табылады.