​«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ БАСҚАРМАСЫ, АСТАНА ҚАЛАСЫНДА ҚОР БАСШЫСЫ ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВТІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫНДА «ТАУ-КЕНСАМҰРЫҚ» АҚ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЕСЕПТІ ТЫҢДАДЫ.

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ БАСҚАРМАСЫ, АСТАНА ҚАЛАСЫНДА ҚОР БАСШЫСЫ ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВТІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫНДА «ТАУ-КЕНСАМҰРЫҚ» АҚ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЕСЕПТІ ТЫҢДАДЫ.
2013 ЖЫЛҒЫ 8 ҚАЗАНДА«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ БАСҚАРМАСЫ, АСТАНА ҚАЛАСЫНДА ҚОР БАСШЫСЫ ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВТІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫНДА «ТАУ-КЕНСАМҰРЫҚ» АҚ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЕСЕПТІ ТЫҢДАДЫ.
2013 жылғы 8 қазанда«Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасы, Астана қаласында Қор басшысы Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен кезекті отырысында «Тау-КенСамұрық» АҚ қызметі туралы есепті тыңдады.
«Тау-КенСамұрық» АҚ Директорлары кеңесінің өкілдері, үстіміздегі жылғы қыркүйек айында «Казцинк» ЖШС 29,82% қатысу үлесі Қоғамға берілгенін есепке алғанда, 2013 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша жарғылық капитал 168,67 млрд. теңге құрағанын хабарлады. Сондай-ақ, Қордың Басқармасы жай акцияларды сатып алу арқылы «Тау-Кен Самұрық» АҚ жарғылық капиталын 1,03 млрд. теңгеге инвестициялау туралы шешімді мақұлдады. Аталған қаражат, «Тау-Кен Самұрық» АҚ Астана қаласындағы аффинаж зауытының құрылысын қаржыландыруға бағытталатын болады.
Компания жалпы құны $2,97 млрд. теңге 19 инвестициялық жобаны іске асырады.
«Тау-Кен Самұрық» АҚ соңғы екі жыл ішінде жер қойнауын пайдалануға арналған, атап айтқанда Алайғыр кен орны бойынша (полиметалл), Спасск мыс аймағы бойынша (мыс, алтын), Тұйық-Темірлік З кен ауданы бойынша (мыс, полиметалл), Ешкіөлмес кен орны (алтын, мыс), Батыс Саяқ кен орны (титан-магнетит рудасы), Жақсылық учаскесі (марганец рудасы), Тау етегіндегі Кетмень учаскесі (алтын) бойынша 7 келісімшартжасасты. Жыл аяғына дейін тағы да 3 келісімшартқа қол қойылуы күтілуде.
Қордың Басқармасы сондай-ақ, Астана қаласындағы аффинаж зауыты құрылысының барысы туралы ақпаратты тыңдады.Құрылыс-құрастыру, бөлім жұмыстарының негізгі циклы аяқталғаны жария болды, іске қосу-реттеу жұмыстары қараша аяқталады, жоспарланғандай алғашқы өнім 2013 жылғы желтоқсанда алынатын болады.
Отырыс қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Ө.Е.Шөкеев, компанияның болашағы неғұрлым зор кен орындары қорына мұқият талдау жүргізуді тапсырды, «Тау-Кен Самұрық» АҚ жобаларын іске асыру бойынша нақты нұсқаулар берді.