«Масальский ТБК» ЖШС жарғылық капиталына «Тау-Кен Самұрық» АҚ 63% қатысу үлесін сатып алу

2014 жылғы 30 маусымда бұрын «Тау бюросы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі, «Масальский тау-байыту компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – Компания) жарғылық капиталына 63% (алпыс үш пайыз) қатысу үлесін Қоғамның пайдасына қайта тіркеу жүзеге асырылды.
Компания Қазақстан Республикасы Ақмола облысы Жарқайың ауданында орналасқан Масальский темір рудалы кен орнының жер қойнауын пайдаланушы болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 04 қазандағы №1137 қаулысына сәйкес Масальский темір рудалы кен орны Қазақстан Республикасының стратегиялық кен орны болып табылады.

Қоғам Директорлары кеңесінің 2013 жылғы 29 тамыздағы шешімімен бекітілген, Қоғамның қолданыстағы 2022 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес темір басым қатты пайдалы қазба болып табылады