«ТАУ-КЕН САМҰРЫҚ» АҚ ҰЖЫМЫ САЯХАТ АЛПЫСҰЛЫ ҚУНАҚАЕВТЫҢ ҚАЙТЫС БОЛУЫНА ОРАЙ ҚАЙҒЫРАДЫ

САЯХАТ АЛПЫСҰЛЫ ҚУНАҚАЕВ – «ТАУ-КЕН САМҰРЫҚ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, БІЗДІҢ КОМПАНИЯНЫ ҚҰРУДЫҢ БАСЫНДА ТҰРДЫ ЖӘНЕ КОМПАНИЯНЫ ДАМЫТУҒА ӨЛШЕУСІЗ ҮЛЕС ҚОСТЫ.
«Тау-Кен Самұрық» АҚ ұжымы Саяхат Алпысұлы Қунақаевтың қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына қайғысына ортақтасып көңіл айтады.
Саяхат Алпысұлы Қунақаев – «Тау-Кен Самұрық» АҚ Басқарма төрағасының өндірістік қызмет жөніндегі орынбасары, біздің компанияны құрудың басында тұрды және компанияның дамуына өлшеусіз үлес қосты.
Біз Саяхат Алпысұлын жер қойнауын пайдалану саласындағы аса білгір маман және тамаша адам, елгезек, мейрімді де әділ, жақсы отбасы ретінде және қызы мен екі ұлын жанындай сүйіп әкелік қамқорлығын аямаған қарапайым азамат ретінде жақсы білеміз.
Оның еңбек жолы Қазақстан Магниткасында басталып, өмірінің елеулі бөлігі Теміртау қаласымен және өзі жағасында 1955 жылы дүниеге келген Самарқанд су қоймасымен тығыз байланысты болды.
Саяхат Алпысұлы 10 жылдан астам өндірісте еңбек етіп, кейін аудандық партия комитетіне партиялық жұмысқа, Теміртау қаласының пария комитетіне ауысты. 1990 жылдан бастап оның еңбек жолы мемлекеттік қызметпен байланысты өрбіді. Ол қай жерде жұмыс істемесін: Сыртқы экономика министрілігінде, Өнеркәсіп және сауда министрілігінде, Экономика және сауда министрілігінде, Қазақстан Республикасының Инвестициялар агенттігінде, Энергетика және минералды ресурстар министрлігінде, оны барлық ұжымдар тамаша адам және өз ісінің шебері ретінде жақсы білді.
2009 жылдан бастап «Тау-Кен Самұрық» АҚ жұмыс істеді. Саяхат Алпысұлы Қунақаевтың ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында, жер қойнауын пайдалану және өндірісті дамыту блогы, алдына қойылған міндеттерді үнемі орындап отырды.
Оның еңбек жолы бірнеше рет мынадай мемлекеттік наградалармен – медальдармен атап өтілді: «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001 жыл), «Астананың 10 жылдығына» (2007 жыл), «Ерен еңбегі үшін» (2008 жыл). Көп жылғы жемісті еңбегі үшін 2013 жылы «Құрмет» орденімен наградталды.
Саяхат Алпысұлы Қунақаевтың жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.