2019 жылы бойында бір жыл бұрын қабылданған Компанияның Даму стратегиясында белгіленген ағымдағы және ұзақ мерзімді мақсаттардың – активтер портфелін әртараптандыруды және стратегиялық инвесторлармен бірлесе отырып, қолданыстағы және жаңа жобаларды іске асырудың сапалы негізін қаладық. Жобалық басқарудың халықаралық стандарттарына сәйкес кәсіби жобалық топтар инвестициялық жобалардың әрбір даму кезеңін сүйемелдейді. «Тау-Кен Самұрық» қазақстандық, сондай-ақ шетелдік инвесторлар үшін ашық екендігін әлеуетті серіктестерге бірлескен кәсіпорындарды дамытуда жанжақты қолдау көрсетуге дайын екенімізді айта кеткім келеді.
Құдайберген Қанат Жақыпұлы «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның Басқарма Төрағасы
Біз мүдделі тараптармен өзара мүдделерді ескеруге, Компанияның және мүдделі тараптар құқықтарының және олардың мүдделері арасындағы теңгерімнің сақталуына негізделген ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға ұмтыламыз