AMM 2021: БОЛАШАҚҚА ИНВЕСТИЦИЯ

2021 жылдың күзінде Нұр-Сұлтан қаласында Орталық Азияның тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі үшін маңызды іс-шара – Astana Mining & Metallurgy – АММ 2021 Конгресі әдеттегі офлайн форматта он бірінші рет өтеді.

20-21 қазан аралығында екі күн бойы халықаралық салалық сарапшылар, нарықтың ірі компанияларының бас атқарушы директорлары (CEO), бизнесмендер, мамандар делегаттармен тау-кен металлургия саласының негізгі мәселелерін және оның даму перспективаларын талқылайды.

Жұмыс істеп келе жатқан жылдар ішінде АММ Конгресі өзін қазіргі заманғы ғылыми және практикалық қызметті көрсету үшін тиімді алаң ретінде көрсетіп, сондай-ақ бүкіл әлемнің тау-кен металлургия саласы мамандарының іскерлік қарым-қатынас орнына айналды.

АММ Конгресі өндіру мен өңдеуді цифрландыру бағыттары бойынша тәжірибе, үздік практикалар мен идеялар алмасу, тау-кен металлургия кешеніндегі өндірістік процестердің тиімділігін арттыру, минералдық-шикізат базасын толықтыру, құқықтық реттеу және, ең бастысы, елдің белсенді дамып келе жатқан саласына шетелдік инвестицияларды тарту арқылы жаңа шешімдерді іске асыруға мүмкіндік бере отырып, Қазақстанның ТМК секторын дамыту үшін нақты пайда әкелуде.

Конгрестің тау-кен металлургия бизнесі үшін маңыздылығы мен тиімділігін 11 жыл бойы ол толық қатысушылардың – саны жыл сайын өсіп келе жатқан саланың жетекші ойыншыларының қаражаты есебінен ұйымдастырылғандығы растайды, бұл олардың оқиғаға деген мүдделілігін көрсетеді.

Жыл сайын АММ көрмесі аясында экспоненттер тау-кен металлургия саласындағы компаниялар үшін озық технологиялар мен инновациялық әзірлемелерді ұсынады.

2021 жылы Конгресстің негізгі ой өзегі «Пандемия жағдайында әлемдік тау-кен өнеркәсібінің өсу векторлары» тақырыбы болады. Бағдарлама жаңа технологиялар мен цифрлық шешімдер бойынша презентациялық сессияларды, геологиялық барлау және инвестициялық тартымдылық мәселелері бойынша елдер Министрліктері қатысуымен телекөпірді, 4.0 индустриясында жаңа құзыреттерді дамыту мәселелері бойынша шеберлік-сыныптарын, робототехника бойынша дөңгелек үстелді, алтын және көмір өнеркәсібі бойынша форумдарды, GR, PR бағыттары бойынша шеберлік-сыныптарын және инвестициялық алаңдарды қамтитын болады.

Конгресс шеңберінде дәстүрлі түрде жоғары Үкіметтік деңгейде кездесулер өткізіледі, сапалы бизнес-әріптестік және нақты келісімшарттар жасалады, ТМК ірі компанияларының мемлекеттік сатып алу жоспарлары таныстырылады. Таңдалған тақырыптардың өзектілігін болып жатқан оқиғалар мен Қазақстанның ТМК-нің жаңа жағдайлардағы даму үрдістері растайды.

Қазақстанның ТМК саласының болашағы геологиялық барлауға инвестициялар тартудан, жаңа диджитал шешімдерді қолданудан, сапалы кадрлық мәселені дамытудан және тау-кен өндіру өнеркәсібіне жаңа технологияларды енгізуден тұрады. Бағдарламаны сапалы толтыру, оқиғаның пікірталас форматы саланың ең өзекті мәселелерін барынша толық ашуға және оларды шешу жолдарын табуға мүмкіндік береді.

АММ күндері дәстүрлі түрде жыл сайынғы «Алтын Гефест» салалық байқауы өтеді, онда ТКМ жетекші мамандары атынан құзыретті қазылар алқасы кәсіби қызметтері үшін 14 номинацияда тау-кен металлургия секторындағы ең үздіктерді анықтайды.

Шараны ұйымдастырушы қазақстандық Iteca көрме компаниясы. АММ 2021 Конгресі мен көрмесінің мемлекеттік серіктесі – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Сайтқа өту