МЕТАЛЛУРГ КҮНІМЕН!

Қымбатты әріптестер мен серіктестер!
Кәсіби мереке – Металлург күніне байланысты шын жүректен шыққан құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Металлургия отандық экономиканың көшбасшыларының бірі, Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін тұрақты дамытуды қамтамасыз ететін саласы болып табылады.
Металлургия кәсібі мыңдаған жылдар бойы өмір сүріп келеді. Тіршіліктің маңызды екі стихиясы – «отпен» және «металмен» жұмыс жасайтын, осы адамдар осы уақытқа дейін қоршаған ортаның сүйіспеншілігіне және құрметіне ие болып келеді.
Біз Сіздердің еңбектеріңізді мойындаймыз және бағалаймыз! Сіздерге ең батыл ойларыңызды іске асыруда табыстар, мықты денсаулық, бақыт пен есендік-саулық, ал Қазақстан Металлургиясына – экономикалық өсім мен қаржылай гүлдену тілейміз!
«Тау-Кен Самұрық» АҚ Басқарма төрағасы
М.Ә.Тұрмағамбетов